Е. сейтжанов



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата22.02.2017
өлшемі0,78 Mb.
#4697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

                        Сұрақтар мен тапсырмалар  

1.Қазiргi  повестердiң  тақырыптык,  идеялық  көркемдiк  жаңалыктары 

неде? 

2.О.Бөкеевтiң повестерiндегi замандастар образы қалай жасалған? 



3.С.Мұратбековтың повестерiнiң бiреуiне талдау жаса. 

4.Ш.Айтматов дəстүрiнiң қазақ повестерiндегi көрiнiсi қандай дəрежеде? 

5.Жас жазушылардың соңғы повестерiнен бiреуiне талдау жаса.    

                                  Əдебиеттер 

1.С.Ордалиев. Конфликт жəне характер. 

2.Р.Нұғалиев. Күретамыр. 

3.Р.Рустембекова. Қазақ совет комедясы. 

а4.Н.Ғабдуллин. Ғабит Мүсiреповтың драматургиясы. 

Қазiргi қазақ  романшылығы. Даму жолдары. Жанрлық 

ерекшелiктерi. 

 

1.Роман жанры туралы. 

2.Қазiргi əдебиеттегi романның үлесi. 

3.Жанрлық баюы. 

4.Романның əдеби процестегi орны. 

 

 



  Тiрек  сөздер:  роман  жанрлары  тарихи  роман  түрлерi  роман-хроника, 

роман  мемуарлық  роман  биографиялык  роман,  сатиралық  фантастикалық 

романдар.  Тыйым  салынған  тақырып  роман-эпопея,  роман-диолог, 

публицистикалық  роман  документалды  роман.  Тақырыптың  кеңеюi  бас 

қаһарман проблемасы, авторлық позиция көзқарасы қазақ романшылары шет 

ел  қазақтары  өмiрi  замандастар  интилеигенция,  өнер  адамдары  туралы 

романдар. 

Қазіргі  қазақ  романистерінің  көңіл  бөліп,  шығармаларына  арқау  етіп 

алған  проблемалары  əр  алуан.  Айталық,  С.Жүнісов,  Ш.Мұртаза 

халқымыздың  ардагер  ұлдарының  өнегел  өмірін  күретамыр  етіп  алса, 



Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров қазақ аулының кешеісі  мен бүгінгісін көркем сөзбен 

көз алдымызға елестетеді. 

Қысқасы, прозаның ауыр артиллериясы атанып кеткен романистиканың 

көтерген  тақырыбы,  суреткерлік  шеберлік  тұрғысынан  арнайы    сөз  етуге 

толық мүмкіндік бар. 

Ауыл  өмірін  арқау  еткен  Сəкен  Жүнісовтың  «Жапандағы  жалғыз  үй» 

романындағы  басты  тұлға-Райхан.  Автордың  ойы  түсінікті-талай  пайдасыз 

жатқан  ен  даланы  халык  игілігіне  жарату  жолында  күреске  аттанған  қазақ 

қызының толыққанды бейнесі жасалған. 

«Жапандағы  жалғыз  үйдің»  тағы  бір  жағымды  жері  табиғат  бояуларын 

беруде  жатыр.  Романда  кейіпкерлердің  əрекеттері  мен  ой-толғамдарына 

байланысты  көрікті  көктем  мен  аязды  қыстың,  бұлыңғыр  күз  бен  жайдары 

жаздың  əдемі  суреттері  бар.  Олардың  ешқайсысы  да  жеке-дара  алынбай, 

қаһарманның  ішкі  сезімін  ашуға  мол  септігін  тигізіп  тұрады.  Қыстың  бір 

ызғарлы  күні  атты  жолаушы  қиындыққа  ұшырасып  қалады.  Оған  аяз  да, 

қасқырлар да-бəрі де жау. Бұл ен далада жиі болып тұратын құбылыс. Автор 

Шыңғыс  Айтматовтың  жақсы  əдісін  орынды  пайдаланған:  қайыңға  тіл 

бітіріп, сөз береді.   

М.Сүндетовтын 

«Есексіз 

қайық» 

романында 



пəк 

махаббат, 

сүйіспеншілік  суреттеледи.  Мұндағы  бас  кейiпкер  Жазира.  Мандайдағы  ерi 

қол-аяғынан  айырылғанын  хабарлап,  ауылдағы  зайыбына  хат  жазды. 

Мақсаты-əйел  махаббатының  тұрақтылығын  сынау.  Ал  сол  майдангерге 

деген  кiршiксiз  махаббатын  сақтай  бiлуi-Жазираның  нағыз  адамгершiлiгiнiң 

белгiсi.  Бiрақ  автор  күтпеген  түйiн  жасайды.  Ақырында  Жазира  соғыстан 

оралған  Наурызға  да,  риясыз  жүрек  қалауын  бiлдiрген  Ықсанға  да 

қосылмайды.  Бұл  ары  да  жаны  да  тап-таза  адамның  қылығы,  бұлтармас 

шешiмi: бiр жағынан Ықсан тəрiздi ел iшiндегi мақтаулы адамның намысына 

кiр  келтiрмеуi  болса,  екiншiден,  Наурыздың,  өзiнiң  мəнгi  жары  есептеген 

адамның опасыздығын кешiрмегендiгi. 

Қ.Ысқақовтың  «Тұйық»  романын  оқып  шыққаннан  кейiн  майдан 

соқпақтарынан алыстағы ауыл болмысы көз алдымызға келедi. Шығарманың 

бас кейiпкерi-көп сөйлей қоймайтын, қайсар дегенiнен қайтпайтын бiр сөздi 

Қажымұрат. Ол алып-жұлып бара жатқан үлкен əрекет иесi емес, қарапайым 

ғана жан. Үкiмет атынан сөйлеген болып, асыра сiлтейтiн Қияқмұрат сияқты 

белсендiлердiң  кылығын  сыртынан  пыш-пыштамай  бетiне  тұра  айтып 

тастайды. Мəселен, жесiр əйелдiң жалғыз сырын ортаға өткiзуiн талап еткен, 

қырман  басындағы  əйелдердi  қорқытқан  Қияқмұраттың  Қажымұратқа  не 

жасағанын еске алыңыз. 

Романдағы  ойдағыдай  көркем  шешiмiн  тапқан  бейне-Зылиқа.  Ең 

алдымен  сұрапыл  жылдарда  халықты  күреске  жұмылдыра  бiлген  басшы. 

Зылиқа  кеңседе  отыр.  Зылиқа  кеңседе  отырып,  адамдарды  еңбекке  тек 

бұйрықпен ғана аралстыратын басшы емес, халықпен бiте қайнасып кеткен, 

өзi  де  сол  қарапайым  топтың  iшiнен  шыққан,  халықтың  психологиясын 

толық түсiнетiн адам. Зылиқаның бейнесiн берудегi батылдығын қостаймыз. 


Романда  бұлардан  басқа  да  үлкендi-кiшiлi  бейнелер  галереясы  көз 

тартады. «Тұйық»  романында  басы  ашық,  көпке  дейiн  ұмытылмайтын 

жағымсыз  кейiпке  алынған  кейiпке  алынған  кейiпкер  Қияқмұрат.  Оның 

сыртқы кейпi де, мiнезi де қызық. Қияқмұраттың жанына байласаңыз қоғамға 

тигiзiп  жатқан  үлкен  зияны  да  жок,  бiрақ  өзiнiң  шала  сауаттылығынан  ба 

немесе өзi есеп беруге тиiс кiсiнiң беделiн көтерудi мiндет санағандықтан дай 

тəуiр қалың қауымға жаға қоймайды. Қалихан Ысқақов лирикалық прозанын 

шеберi ретiнде адебиет сүюшi қауымға көптен танымал. «Тұйық» романымен 

де сол алған бағытынан таймағанын дəлелдеп отыр. 

Бүгiнгi  таңда  романистер  өмiрдiң  елеулi  құбылыстарын,  адам  мiнезiн, 

қылық-əрекеттерiн бейнелеу мақсатында оқырманға əсер етерлiк маңызы бар 

қалтарыстар  мен  детальдарды  зерттеуге  көбiрек  көңiл  бөле  бастады.  Ең 

бастысы  қазiргi  романтикада  автордың  өзiндiк  iзденiсiн  танытатын  жайлар 

елең  еткiзбей  қоймайды,  мұның  аты  көркем  əдебиеттегi  техницизмнен 

арылтып, адамды еңбектiң қай саласындағы қызметi ынғайына сүреттесе де, 

кiсiлiк  қасиетiн,  азамат  ретiндегi  қалыптасу  сəттерiн,  өмiрде  болатын 

қақтығыстарды бiрiншi кезектегi мəселе етiп қарайды деген сөз. 

Ə.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романының туралы айтар болсақ, 

роман кейіпкері, халқымыздың батыр ұлы, Ұлы Отан соғысының қаһраманы, 

гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы. 

Осы  жерде  бір  назар  аударатын  нəрсе-бұл  тақырыпқа,  аты  айналған 

Баукең  бейнесін  жасауға  барудың  өзіндік  қиындығы  аз  емес  екендігі. 

«Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы-Əзілханның тынымсыз еңбегінің, мазасыз 

ізденісінің нəтижесі, жемісі. 

Б.Момышұлының  жастық  шағы,  ерлік  бейнелері  А.Бектің  жəне 

Баукеңнің  өзінің  шығармаларында  айтылса  да,  жаңа  шығарма  оларды 

қайталамайды.  Роман  сұрақ-жауап  түрінде  өрбіп,  оның  өн-бойында 

Баукеңнің сол сəттегі сан құбылысы, тапқырлығы мен ерлігі, оқыс мінездері 

мен  əкелік  мейірімі,  қазіргі  қарттық  ой-толғамдары  жəне  ұтқыр  сөздері  де 

қанат қағып отырады. 

Бауыржан  Момышұлының  өмір  жолы-кейінгіге  мəңгі  үлгі  болып 

қалатын  аса  күрделі  өмір.  Солай  бола  тұрса  да,  оған  атақ,  даңқ  оп-оңай 

келген жоқ. Оның да жолында қиындықтар көп кездесті. Мұның бəрін Баукең 

өзіне  тəн  турашылдығымен,  адалдығымен,  ерлігімен,  зор  адамгершілігімен 

жеңе білді.  

Баукеңнің  жақсы  қасиеттерінің  бірі-ол  ешқашан  да  атақ,  даңқ  дегенге 

титтей де қызыққан жан емес. Мына бір үзіндіні көрелік: 

«Автор: Сіз он алты жасыңыздан бастап өлең жазыпсыз ғой. Алғашында 

ақын болсам деп талап қылған жоқсыз ба? 

Бауыржан:  Ешуақытта  пəлен  болайын,  түген  болайын  деп  ойламаған 

едім.  Қайда,  қандай  қызметте  жүрсем  де,  жүректегі  ұраным  қазақтың  «Ерді 

намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалы болады. Ел намысы-ер 

намысы  деп  білдім.  Арманым-халқымның  намысына  дақ  түсірмеу  болды. 

Ақындыққа, шенге, атаққа ешқашан да қызыққан емеспін». 



Автор  Бауыржанның  Жаны  жомарт,  қайырымды  Адам  екендігін  де 

бірнеше деректер арқылы жақсы көрсеткен. Ақындар айтысына теріс төрелік 

жасалғанына  шамданған  Баукең  Надя  Лушниковаға  «Лиро»  маркалы  алтын 

сағатты  өз  ақшасына  сатып  алып  тарту  етуі  немесе  інісіне  бұзаулы  сиыр, 

құлынды Бие сатып əперуі-бəрі жан тебірентерлік шындық. 

Романдағы  диалог  арқылы  өтетін  оқиға  желісінің  бойына  ерекше  көзге 

түсетін  образдардың  Рух  берерлік  ерліктері  мен  əрекеттерін  терең  сіңіре 

білген.  Соның  нəтижесінде  Қарағандыда  Бауыржанның  Блохамен  кездесуі, 

оның  М.Əуезов,  Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мұстафин,  Ə.Тəжібаев, 

Қ.Сəтпаев,  Ə.Əбішев,  Ш.Мұртазаев  жəне  басқа  да  қазақтың  ғалымдарымен, 

қалам қайраткерлерімен жүздесуі əсерлі шыққан. 

Əсіресе, Бауыржан Момышұлының Франциядан келген əйел жазушымен 

арасында  болған  əңгіме  өте  қызықты,  тартымды,  халқымыздың  тарихынан, 

өнерінен  мағлұмат  беретін  деректерге  толы.  Қазақтың  мəдениеті  мен 

əдебиетінің даму, өсу, өркендеу жолын шебер таныта білген. 

Баукең  айтты  дейтін  көптеген  мақал-мəтел  бар.  Біразы  баспасөзде  де 

жарияланған.  Ал,  мына  кітапта  əңгіме-сұқбат  үстінде  Баукең  сан  түрлі 

құбылатын  меруерт-маржанды  лапылдатып  төгіп  отрады.  Қай  бетін  ашып 

жіберсең, балаңның баласына: «ұғып ал, зердеңе тоқып ал, осы саған өмірлік 

азығ  болар»,-дерлік  гауһар  сөздер  жарқ-жарқ  етіп  шыға  келеді.  Бізге 

бұрыннан  танымалдарын  айтпағанда, «Шын  дос  сыртыңнан  мақтайды, 

сайқал  ғана  бетіңе  қарап  қылмыңдайды», «Əйелдің  сайқалы  бірді  арбайды, 

əдебиет  сайқалының  мыңға  зияны  тиеді», «Ұрысуға  адам  əрқашан  үлгіреді. 

Одан бұрын ұғысуды үйрену керек», «Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан 

ғана  түсінеді»  жəне  басқа  халық  қаазынасына  қосылған  дүниелерді  осы 

кітаптан кездестіреміз. 

Бұл  роман-диалогта  Бауыржан  образын  айқындай,  толықтыра  түсетін 

қарулас  жолдастарының  сөздері,  ақындардың  арнау  өлеңдері  жарасымды 

орындарын  тауып  енгізілген.  Генерал-полковник  Чистяков: «1073-атқыштар 

полкының  командирі  Бауыржан  Момышұлын  соғыстан  бұрын  білетінмін. 

Москва түбінде оның батальоны полктан хабар-ошарсыз күйде, бірнеше күн 

қоршауда  қалып,  қалың  жаумен  қиян-кескі  ұрыс  жүргізген.  Екі  тəулікке 

созылған  қырғын  ұрыста  гвардияшылар  төрт  жүзден  астам  фашистердің 

көзін жойып, олардың Волоколам тас жолы арқылы жасаған шабуылын тырп 

еткізбей  бөгеп  тастаған.  Содан  кейін  орман  ішінде  маневр  жасай  отырып, 

өздерін  қоршаған  жау  шеңберін  тас-талған  етіп  бұзып  шығыа,  полқа  келіп 

қосылған болатын. 

Осы ұрыстан кейін Панфилов Момышұлының батальонын өзінің резерві 

етіп  ұстап,  оның  ең  қиын-қыстау  жерлердегі  ұрыстарға  жұмсап  отырды. 

Соның бəрінде де батальон үздіксіз жеңіске ие болды. 

Бұлардан  басқа  Момышұлының  маған  ұнайтын  тағы  бір  қасиеті 

болатын, ол оның шыншылдығы еді. Мен оның, қанша қиын болса да, тіпті 

өзіне  зиян  келсе  де,  тек  қана  шындықты  айтатынын  білуші  едім.  Өзінің 

бағыныштыларынан  да  ол  осыны  талап  ететін»,-деп  өзі  таныған  ақиқатты 

айтады. 


Баукең  өмірі-азамат  өмірі,  сонымен  қатар  елдік,  ерлік  өмір.  Осындай 

парасатты,  зор  тұлғалы  азаматқа  арналған  аңыз  бен  ақиқатты  анықтап 

берудегі  жаңа  романның  қызметі  ұшан-теңіз.  Кітапта  Баукеңнің  тілі,  үні, 

жігері, мінезі, қимылы айқын сезіліп, шеберлікпен суреттеліп отырады.  

Бұл  роман  жөнінде  белгілі  əдебиетші,  профессор  Тұрсынбек  Кəкішев 

былай  дейді: «Бұл  шығарма  өзінің  жанрлық  жаңалығымен  де  көзге  түседі. 

Роман-диалог  біздің  əдебиетімізде  бұрын-соңды  кездеспеген  жай.  Рас, 

ертедегі  əңгімелерімізде  сұрақ-жауап  түрінде  жазылғандары  кездесетін, 

бірақ, осы романдағыдай көркемдік тенденцияға айналған емес». 

Бір  сөзбен  айтқанда  «Ақиқат  пен  аңыз»  роман-диалогы  қалың 

көпшіліктің сүйіп, сүйсініп оқитын кітабына айналды. Бұл шығармада халық 

батыры,  халық  ұлы,  жауынгер  жазушы  Бауыржан  Момышұлының  сом 

тұлғасы сомдалады.         

Ə.Нұршайықовтың  «Махаббат  қызық  мол  жылдар»  атты  тұңғыш 

романын да оқырман қауым сүйіп оқиды. Романды, əсіресе, жастардың сүйіп 

оқуы басты кейіпкер Ерболдың, басқалардың да студент деп аталатын халық 

өкілі  екендігінен  ғана  емес.  Ең  бастысы-жазушы  кейіпкерінің  көңілден 

шыққан-шықпағандығында.  Ерболдың  майдандағы  өмірі,  университет 

қабырғасындағы  студенттік  тіршілігі,  жора-жолдастарының  арасындағы 

кішіпейіл  мінезі  мен  турашылдығы-осының  бəрі  шыншылдығымен  көкейге 

қонады. Сырт қарағанда, Ербол бойында батылдық та, тазалық та, пəктік те, 

босаңдық та кездесе береді. Шығармадағы қаһарман да өзіміз сияқты Адам, 

пенде.  Олай  болса,  оларда  да  жетістік  пен  кемшілік,  батылдық  пен 

жасқаншақтық аралас жүруі əбден мүмкін. Сөйтіп, Ербол еш міні жоқ герой 

болуы керек деп талап қоюымыз бір жақтылық етер еді. Ендеше, бұл басты 

тұлғаны  мүсіндеуде  автор  шалқып  əсірелеуге  де  кетпеген,  құлдилатып 

жасандылыққа да ұрынбаған. Меңтай да ұнамды бейне. Ол ойламаған жерден 

опық  жейді,  көлденең  біреу  қорлап  кетті.  Бұл-Меңтайдың  да  кемшілігі, 

себебі,  мұндай  зəбірден  ол  құтылып  та  кететін  еді:  бар  көңілі  Ерболда, 

сондықтан  оған  арқа  сүйеуінің  ерсілігі  жоқ.  Мүмкін,  үлкен  өкініштен  кейін 

автордың  Меңтайды  Ерболға  қосуы  құптата  бермес.  Біздіңше,  бұл  көп 

шығармада бой көрсетіп жүрген стандарттан қашу жəне екі жастың бір-біріне 

деген сүйіспеншілігінің тұрақты екенін дəлелдеу үшін қажет шығар. Қыз өз 

басындағы  өкінішті  халді  өкси  отыра  айтқанда,  жігіт  оны  бетіне  салық 

қылған  жоқ.  Ұлы  қаламгерлердің  тəжірибесінде  де  шығармадағы  кейбір 

ситуациялардың автордың ырқына «бағынбайтын» реттері кездесіп отырған. 

Сондықтан  данышпан  Л.Толстойдың  мойындауынша,  алғашқы  жоспарында 

олай болуға тиісті еместігіне қарамастан, Анна Каренина поезияға түсті ғой. 

Сəбит  Мұқанов  қаншалықты  қайғырып,  қиналса  да,  Ботакөз  жазушының 

«еркінен  тыс»  өлуге  тиісті  болды.  Нұршайықовтың  аталмыш  туындысында 

да  осыларға  ұқсас  жайлар  ұшырасады.  Автор  оқырмандарын  бей-жай 

қалдырмайды: ойландырады, толғандырады, тіпті, таласқа шақырады. 

Ш.Мұртазаевтың  «Қызыл  жебе»  романы  тарихи  шындықтан  екшеліп 

жазылған  нақты  роман.  Кейіпкерлердің  аты-жөні,  оқиғалардың  айы-күні, 

мезгіл-уақыты-бəрі-бəрі дəл айтылады. Мұндай дəлдіктің өзі қаламгерге өте 


жоғары  жауаптылық  жүктейтіні  белгілі.  Мұны  жақсы  түсінген  автор  қалам 

тартқан тақырыбын егжей-тегжейлі зерттеген 

«Қызыл  жебе»  оқиғасы  өтетін  уақыт-қат-қабат,  қым-қиғаш  шытырман 

кезең  екені  анық.  Осының  ішінде  автор  Рысқұл  мен  Тұрарға  байланысты 

жағдайларды  ғана  іріктеп  алған,  басы  артық  нəрсе  байқалмайды.  Автордың 

төселген, ысылған қаламының іздері сайрап көрінеді. 

Роман  оқиғасы  Саймасай  болыстың  Тұқымбай  байдың  Қызыл  жебе 

атанған бəйге атын Рысқұлға ұрлатып алғанынан басталады. 

ХIХғасырдың 80-жылдары  Шымыр-Шілмембеттің  жиырма  шақты  үйі 

жергілікті байлардың қудалауынан қысым көрген соң, Жылқайдаров Рысқұл 

бастап,  Шымкент  уезінің  Майлыкент  болысынан  Əулиеата  уезінің  қазіргі 

Мерке  ауданына  келіп  қоныстанады.  Кедейшілік  тауқыметі  мұнда  да 

ауырлай түседі. Байлармен тартысып теңдік ала алмаған Рысқұл Жетісудағы 

Верный  уезінің  Шығыс-Талғар  болысына  көшіп  келіп,  болыс  Үшкемпіров 

Саймасайға 

жалданады. 

Рысқұл 

болысқа 


тапқырлығымен, 

асқан 


мергендігімен  көзге  түсіп,  ұнайды.  Болыс  жайлауына  облыс  губернаторы, 

уезд бастықтары жиі-жиі аң аулауға келіп тұрған, сонда солардың таңдаулы 

аты шулы мергені Рысқұл болады. 

Өстіп  жүрген  Рысқұл  адал  жолға  қанша  түскісі  келгенімен,  болыстың 

уысына  еш  шыға  алмайды.  Саймасай  болыс  оны  барымтаға  жұмсап,  көрші 

байдың жүйрік атын айдатып ала тұра, құпия қылмысының ізін жасыру үшін 

басқа жаламен ұстатып жібереді. 

Тегі,  Рысқұлдың  талай  күні,  талай  түні  қаталдықпен,  қиқумен, 

дүрлігумен,  дүбірмен  өтті.  Шығыс-Талғар  топырағына  табаны  тиесімен-ақ 

Рысқұлдың  мойнына  Саймасай  көзге  көрінбес  қыл  шылбырды  іліп  алды. 

«Осыдан  жолым  болса,  бұл  кəсіпті  үзілді-кесілді  қойғаным  болсын»,-деп 

өзіне-өзі талай ант берді Рысқұл. Бірақ қатал тағдыр оның өз еркін өз қолына 

берді ме?! Саймасайдың жерін жайлап, суын ішіп, отын оттап отыр екенсің, 

айтқанын істе. Айтқанына көн, айдауына жүр. Өйтпейді екенсің жөніңді тап. 

Жөнін тапқанда қайда барып сияды?! 

Қызғаныш  пен  күншілдік  деген  ит  адамды  ақылынан  адастырады.  

Саймасайдың  Қызыл  жебеге  жасаған  қиянатының  да  негізі  осы  қызғаныш 

пен бақталастықта жатыр. 

Сол  бір  астағы  бəйгеден  кейін  Қызыл  жебе  Саймасайдың  көз  алдында 

ойнақтап  тұрады  да  қояды.  Көздің  құрты-Қызыл  жебені  Саймасай 

Тұқымбайдан  қалап,  сөз  салғалы  қашан.  Тұқымбай  икемге  келмеді.  Ол  да 

осал  қызылкөз  емес  еді.Соңғы  сайлауда  болыстыққа  да  таласқан  еді.  Содан 

да Саймасаймен арасы ашыла Берген. Келе-келе ерегеске айналды. 

Саймасай енді Тұқымбайды қалай да бір мұқату жолына шындап кірісті. 

Ақыры, «екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің» керімен, Рысқұлдың 

соры қайнады. 

Бəрін  көрген,  бəріне  көнген  Рысқұл  бұл  қорлыққа  шыдай  алмады. 

«Бүйтіп өмір сүргенше, асылып өлген жақсы»,-деп түрмеден қашып шығып, 

Саймасайға оқ атты. 


Осы жерде айта кететін бір нəрсе-Рысқұл əдебиетте бұрын бейнеленген 

ұрылардың  бірде-біріне  ұқсамайды.  Ол  жиырма  шақты  Шілмембеттің  арқа 

сүйер  қамқоры,  панасы.  Ол  өз  қара  басының  қамын  ойласа,  өз  құлқынынң 

құлы  болса,  болысты  ата  алмас  еді.  Оны  бұндай  батылдыққа  кек,  намыс, 

ерлік апарады. 

Романның  негізгі  қаһарманы-Рысқұл  болғанмен,  оған  ілесетін,  онымен 

жалғасатын тұлға-оның баласы жас өспірім Тұрар Рысқұлов. Осы бір қайтпас 

қайсар,  алған  бетінен  таймайтын,  алғыр  баланың  тағдыры  кімді  болса  да 

толғандырады.  Автор  оның  жас  шағынан  бастап,  өскен  ортасын,  өмірден 

көрген-түйгенін  байсалды  суреттейді.  Жастайынан  көрген  қиыншылық, 

жеген  таяқ,  аянышты  тіршілік  пенде  атаулының  пешенесіне  жазыла 

бермейтін қатал тағдырды танытады. 

Тұрар  жасынан  зерек,  байқағыш,  сезімтал  бала  болды.  Алғаш  рет  əкесі 

Қызыл  Жебеге  мініп,  Мақаш  палуанның  тастай  тақымын  талқандап, 

көкпарды  тартып  алғанда,  Тұрар  бұл  өмірдің  додасы  көкпар  екенін, 

күреспесе,  алыспаса,  адам  өз  сыбағасынан,  бəлкім,  бақытынан  адасып 

қалатынын бала көңілмен, көмескілеу болса да пайымдаған. Сонда-ақ қорқақ 

болмау керек екенін, адал айқасқа аянбай түсу керек екенін, сұңғылалықпен 

емес,  бала  түйсігінің  алғырлығымен  сезінді.  Осылай  басталып,  кітапта  жас 

өспірім Тұрардың өзіндік образы жасалды. 

«Қызыл  жебеде»  Ш.Мұртазаев  шеберлік  биігіне  көтерілген.  Романның 

көркемдігі,  сөз  қолданысы,  тілі  жағынан  ерекше  тартымдылық  аңғарылады. 

Автор сөзді құр ұғым күйінде қолданбай, суретке айналдырады. Тіпті, кейде 

болмашы  нəрсенің  өзінде  мəн  жатады.  Сондай-ақ,  автор  бұл  шығармасында 

портрет жасауға шеберлігін көрсетіп отыр. Оның мүсіндеген портреті үнемі 

қимыл-қаракет үстінде, қуаныш-қайғыда, тебіреніс, толғаныста ашылады.          

Əкiм  Таразидың  «Тас  жарғанын»,  Р.Сейсенбаевтың  «Ешқайда 

бастамайтын  баспалдағын»  оқыған  адамның  бұған  толық  көзi  жетедi. «Тас 

жарғанның» алғашқы тарауы «бұлтқа салған ұясы» деген жеке кiтап түрiнде 

жарық көргенде, сыншылардың арасында шығарма Али сияқты журналiстiң 

бейнесiн  жасауға  арналған  деген  пiкiрлер  айтылды.  Ес  дəптерден  тұратын 

«Тас  жарғанның» соңғы бетін жапқанда романның басты кейіпкерi əлi емес 

Омар  Берденов  екенiне  күмəн  қалмайды.  Ал  əлi  болса,  Омардың  досы 

жақтаушысы  ретiнде  оның  жақсылығын  газет  бетiнде  көпшiлiкке 

насихаттаушы басына қиындық түскенде ондай сыбымқа сенбей iстiң анық-

қанығына жетуге тырысқан қосымша  кейiпкер  қызметiнде көрiнiп отырады. 

Сөйтiп  əкiмнiң  қазақ  əдебиетiнде  көп  бейнелене  бермейтiн  интеллигенция 

өкiлiн бас қаhарман етiп суреттеуi жазушы творчествосында болсын, кейiнгi 

жылдардағы əдеби процесте болсын соны жай ретiнде əсер береди. 

Омардың  ақылына  қабiлетi  мен  бiлiмi  сай.  Ол  əрдайым  ештеңенi  мiсе 

тұтпай  iзденiп  жүретiн,  принцiптен  таймайтын,  ұйымдастыру  таланты  мол, 

əркiммен  тiл  табыса  алатын  азамат.  Тұрмыстық  жайдың  өзiнде  мемлекеттiк 

мəселенi  естен  шығармайды.  Айтарлық,  ешкiмнiң  үйiне  қонаққа  бармайды, 

бiрақ өзiн басқалардан биiк санап, танауын шүйiргендiк дұрыс емес. 



Кейiпкерлерiн  өндiрiстiң  қайнаған  ортасынан  алып  сүреттеген 

авторлардың бiрi – Роллан Сейсенбаев. Романның аталуы да өзгеше: шəртiн 

айтып, салдарың оқырманның өзiне қалдырады. Өмiр сүргiң келсе…  Қашан 

да  көркем  шығарманы  Өмiр  оқулығы  деп  үйреткен  Б.  Г.  Чернышевскийдiң 

нақыл  сөзi  əркiмнiң  есiнде.  Өмiр  сүргiң  келсе…  мен  Тасжарғанға  ортақ 

жайлар бар. Алдымен екеуi де өндiрiс үстiндегi адамдарды бейнелейдi. Өмiр 

сүргiң  келсе  де  басты  кейiпкер-Жетiсуда  салынып  жатқан  аккумулятор 

заводының  директоры  Берден  Ысқақов.  Ысқақовты  Тасжарғандағы  Омар 

Берденовпен  туыстыратын  қасиеттер  де  баршылық.  Басшыға  лайықты 

ашықтық,  мəселенi  бiлiп  жəне  батыл  қоя  бiлушiлiк,  өзiнiң  сенiмi  мол 

сенiмiнен аутқымаушылық сияқты басты белгiлер бұлардың екеуiне де ортақ. 

Ысқақовтың  Алматыдағы  министрлiкте  жоғары  лауазымы  бар.  Жайлы 

мекен-жайда  жүрiп  жатыр.  Соған  қарамастан  жүктелген  мiндеттi  орындау 

үшiн  астанадан  кетедi.  Талай  жыл  отасқан  келiншегi  Галия  да  мұнысына 

қарсылық  бiлдiрiп,  өзi  қалада  қалып  қойды.  Сол  кедергiлердi  қынырлықпен 

емес,  ақылмен  жоя  отырып,  мемлекет  алдындағы  парызын  орындауға 

белсене  кiрiсiп  кетедi.  Берден  парасатты  Галияның  жансақ  көзқарасын  да 

түзейдi. 

Ролланның  келесi  романы  «Ешқайда  бастамайтын  баспалдақ»  екiншi 

кітап  деп  алыпты.  Сөйтiп  Роллан  екiншi  романын  оқырмандарына  ұсынды. 

Мұнда  да  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас,  сол  қатынастардан 

туындайтын  тартыс  көз  алдымызға  келедi.  Тағы  əдiлет  пен  əдiлетсiздiк 

арасындағы арпалысқа куə боламыз. 

Роман негiзгi екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншiсiнде Сырым, Əдiлет, Рүстем, 

Айсұлу,  Айдар,  Гафура  сияқты  жiгiттер  мен  қыздардың  студенттiк  шағы 

сүреттеледi. Автор жастар психологиясын əр қырынан бере бiлген. 

Қабдеш  Жұмаділовтың  «Көкейкесті»  романын  оқыған  адам  Жəнібектң 

тағдырына  еріксіз  араласып  кетеді.  Оның  қуанышына  да,  қайғысына  да 

ортақтасары  күмəнсіз.  Олай  болатыны,  жазушы  материалды  қазіргі 

студенттер  өмірінің  шындығынан  алған.  Тіпті,  деректі  шығармаға  да  ұқсап 

кетеді,  əсіресе,  мекен-орындар  сол  атауларымен,  сол  болмысымен  көз 

алдымызға келеді.  

Романдағы ең басты тұлға Жəнібек жас та болса, жамандыққа жаны қас 

жігіт,  жалғандыққа,  алдаушылыққа,  арамзалыққа  шыдай  алмайды.  Онысы 

дəлелді.  Өмірдегі  өз  орнын  табуды  аңсауы  да  қисынды,  оған  өз  ақыл-ойы 

жетеді де. Амал не, жас азаматтың болашағына кедергі бар. Басына сақина, 

аяғына тұсау болғандай ол шырмауық өгей шешеге тікелей қатынасты, туған 

əкеге түгел байланысты. Тартыс əке мен бала арасында. Сəрі, қай шығармада 

да  мəселе  көтеруімен  ғана  емес,  шиеленісті  қалай  шеше  алатындығымен  де 

құнды.  


Сірə,  автордың  классикалық  əдебиет  үлгілеріне  көңіл  қойғаны  жөн  еді. 

Басқаны былай қойғанда, туған əдебиетімізде Абайдың ұлылықпен жасалған 

көркем бейнесі бар емес пе? Əкесі Құнанбайға Абай өз пікірін еш бүкпесіз, 

тура айтушы еді ғой. Ол əке қаһарынан жасқанбайтын. Ал Жəнібек ше? Əке 

мінін  анық  біле  тұрып,  сонны  тура  айтуға  жасқанады,  батылы  бармайды, 


одан гөрі туған үйінен қашып құтылуды бірден-бір жол деп есептейді. Əрине, 

Жəнібек  Абай  емес.  Замандары  да  бір  емес  қой.  Ортасы  солай  болған  соң 

Абай  «мыңмен  жалғыз  алысты».  Ал,  қазір  кедергі  келтірушілер,  əлінен 

келгенше  аяқтан  шалушылар-жалғыз-жарым,  азшылық.  Ендеше,  жағымды 

геройдың  сом  да  шынайы  тұлғасын  жасауда  қоғамның  қозғалыс 

динамикасын  ескеріп  отырудың  маңызы  ерекше.  Дүниетанымы  тайыз, 

қоршаған  отадан  хабары  аз  адам  болса,  бір  сəрі,  өзі  сияқты  жастарға  білім, 

тəрбие  беретін  профессор  Əкесіне  Жəнібектің  көңіліндегі  сөзін  жеткізе 

алмауы  өкінішті.  Оның  үстіне,  жазушының  суреттеуіне  қарағанда,  Жəнібек 

мойны салбыраған, қой аузынан шөп алмайтын, оншалықты жуас, ынжық та 

емес.  Қазіргі  тіршілікте  жеке  адамның  мұңы  қоғамның,  коллективтің 

назарынан  сырт  қалмақ  емес.  Жəнібек  оқитын  институт  немесе  факультет 

басшылары,  оның  оқытушы-тəрбиешілері  де  белсенділік  жасамайды. 

Шынтуайтқа 

келгенде, 

əрбір 


студенттің 

тыныс-тіршілігі 

есепте: 

жарамсыздың себебі ашылып, коллектив болып оны болдырмаудың жолдары 

ойластырылады да, ірбір жақсы қылық басқаларға үлгі ретінде насихатталып 

отырмай  ма?  Ендеше,  Жəнібектің  оқуды  тастап,  алыстағы  ауылға  тартып 

отыруы  талай  жердегі  талқының  объектісі  болуға  керек  сияқты  еді. 

Романның ол жағы да көрінбейді. 

Бердiбек  Соқпақбаевтың  «Өлгендер  қайтып  келмейді»  романының  да 

негізгі  соқпағы  соғыс  жылдарының  шындығы.  Бəрі  бас  кейiпкер  Еркiннiң 

айналасында. Бала шақтан бастап есейгенге дейiн азаматтық қалыптасу жолы 

көз  алдыңыздан  өтiп  отырады.  Еркiн  Мамырбаев  əрқашан  қиындыққа 

мойымайтын, табысқа масаттанбайтын жiгiт ретiнде бой көрсетедi. Əрдайым 

өсу  кездескен,  кездескен  бөгеттердi  табандылықпен  жеңу  үстiндегi  жiгiт 

ретiнде  қабылданады.  Ол  ойына  алғанын  орындап  шығатын  қайсар  азамат. 

Мұнда  заман  шындыға  бар.  Алайда  бұған  қарап,  еркiндi  отқа  салса 

күймейтiн,  суға  салса  батпайтын  қаhарман  ретiнде  бейнеленедi  деуге  негiз 

жоқ.  Еркiн  де  ет  пен  сүйектен  жаралған,  колхоз  председателі  Нұралиден 

тайсақтайды, алыс жолдан Тұйыққа  келе жатып жалғыздығына үрелейдi.  

Дəуiр  шындығын  романның  көп  жерiнде  өз  бейнесiн  тапқан.  Ауыл 

iшiнде  көп  əйел  алушылық,  əсiресе,  қыз  баланы  алдап  ұяға  қондыру  да  бұл 

айтылғандарға  дəлел.  Мысалы,  Еркiн  iңкар  болып  жүрген  Галия  əскерден 

оралған  басқа  бiреуге  тұрмысқа  шығып  кетедi.  Роман  соңынан  күйеуiнен 

ажырасып, жалғыз қалғанын көремiз. Галия тағдыры жастардың талайына ой 

саларлықтай. 

Кiтап  сайын  есейiп,  өсiп  келе  жатқан  жазушының  бiрi –Əнес  Сараев. 

Əнестiң  «Тосқауыл»  романының  бiрiншi  кiтабының  оқиғасы  тартымды  да 

əсерлi.  Мұнда  аудан  көлемiндегi  басшылар  Макпоз,  Дəуiт,  шаруашылық 

жетекшiлерi-Əбзал  мен  Мухаммедтi,  Мусағали,  Жапек  тəрiздi  халық 

өкiлдерн кездестiресiң. 

Жазушы  адам  мiнезiн  дал  басып,  бiр  табиғилығымен  бейнелегенi  үшiн 

қуанамыз. Əйелдердi теңiзге, балыққа шығару үшiн ақсақалдармен ақылдасу, 

қыз-келiншектердiң ата-аналарымен сухбаттасу, кеңсе  мəжiлiстерiнде қаулы 


қабылдау,  барлық  турғындармен  жиналыс  өткiзу  сияқты  шараларға  көп 

уақыт бөлiнедi. 

Əнес  бейнелеген  əйелдер  қандай  жұмысқа  жiберсе  де  баруға  келiсiм 

берiп  теңiзге  шығуға  қиналатыны  табиғи  құбылыс.  Дəл  осындай  жағдайда 

көптiң  тiлiн  тауып,  ел  басындағы  жағдайды  санаға    сiңiре  сөйлей  алатын 

Əбзал  сияқты  басшынын  көрiнуi  де  қисынды.  Оны  биiктетiп  турған-

ақылдығы,  парасаттылығы.  Айқайламай,  аптықпай  да  шаптықпай  ауылдағы 

жесiрлердi  ел  қорғауда  жүрген  ер-азаматтардың  орнын  жоқтатпауға 

шақырған  жанашыр  жылы  жүзбен  еңбекке  жұмылдыруы  осы  пiкiрiмiздi 

қуаттайды.  Ал  Ақкемпiр  бейнесi-нағыз  ұлттық  мiнездi  танытатын  толымды 

тұлға. Ақкемпiр ойында да, бойында да халқымыздың талай ғасырлар бойғы 

дəстүрiне  сiңiп  қалған  нағыз  аналық,  ақышылық  қасиет  бар.  Ұл  қадiрлi 

қасиет оны керек жерiнде қатал да етедi. 

Əнес  Сарыбаев  iнтiмдiк  мəселелердi  романның  өзектi  проблемасына 

араластыру жағынан да ысылып қалғанын байқатады. Бұл орайда бiз мұқтас, 

бөбек,  Зиба  арадарындағы  тартысты  атап  айтамыз.  Бүгiнгi  қазақ 

романдарындағы  тiлдiк,  түрлiк  iзденiстер  де  қызғылықты.  Роман-диалогтың 

пайда болуы-осы тартымды құбылыстың бiр дəлелi. Тақырып аясы жағынан 

да  қазақ  романдарының  əлi  де  болса  өрiсiнiң  тарлығы  сыр  емес.  Бүгiнгi 

интеллигенция, жұмысшы табынын болмысын арқау еткен романдардың сан 

тұрғысынан ауыл өмiрiне арналған романдардан аз екенi де белгiлi. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет