Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығыңың қайнар көздері - бұл қай органның қаңдай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткеңдей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туыңдататын және олардың мазмұңы анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұның^ің және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұңы еңбек қатынастарымен байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама- қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс- тұрыс ережелерін аңықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері - бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек құқығыңың қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады және оларды осы нормаларды қолдаңу актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Еңбек туралы» заңы еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке қабылдау, ауыстыру, тәртіптік жаза тағайыңдау) туралы бұйрығы құқыққолдаңу актісі болып табылады.
Жалпы алғаңда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін құрайды, мұңда олар өз мәні, бағыңыстылығы бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық- құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары және ұсынысатыр, БҰҰ-ңың актілері және өзге де халықаралық шарттар) және республикаңың басқа да міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотыңың нормативтік қаулыларынан, ҚР «Еңбек туралы» заңынан және өзге де заңға сәйкес актілерден (ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіңщ қаулылары, өзге де миңистрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан бастап, тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, әлеуметтік-әріптестік келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |