Қорытынды
Қорыта келгенде, еңбек туралы заңнама мынадай негізгі міндеттерді аткарады:
1) еңбек саласындағы нарыктык қатынастардың құқықтық негіздерін бекіту;
2) еңбек бостандығы мен жеке еңбек шарттарын жасасу бостандығын бекемдеу;
3) еңбек қатынастарындағы жұмыс беруші мен қызмет-керлердің құқықтық мәртебесін белгілеп, айқындау;
4) әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
5) қызметкерлердің, жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнық-тыру.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Казақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқыктық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей колданылады.
Азаматтардың Казақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Казақстан Республика-сындағы еңбек туралы» Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. «Казакстан Республикасындағы еңбек туралы» Казақстан Республикасы-ның заңына сәйкес Казақ КСР-інің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика аумағында өз күшін жойды.
Еңбек туралы Заңның күші егер Конституцияда, зандарда және Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар-да өзгеше козделмесе, республика аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналас-қан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан не-месе ішінара) шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың Қызметкерлеріне Казақстан Республикасының еңбек туралы зандары қолданылады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 4-тарауы «Қызметкерлерді жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу» деп аталады. Бұл заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбек жағдайы саласында бірқатар жеңілдіктер көзделген, түнгі уақытта жұмыс істеуге қатысты, қосымша жұмысқа және т.б. қатысты тыйым- нормалар бар. Мұндай қызметкерлер санатыныщ еңбек қатынастарын реттеу «ҚР еңбек туралы» заңмен де, сонымен қатар, қызметкерлердің тиісті санаттарының еңбек жағдайын анықтайтын өзге де заң шығарушы актілермен де жүзеге асырылады.
Еңбек қабілеттігі шектеулі тұлғалар үшін жекелеген жеңілдіктер көзделген. ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қаз КСР-да мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңында мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары анықталған. Олар үшін жеке сауықтыру бағдарламасына негізделген еңбек жағдайы жасалады. Ұжымдық шартта мүгедектер үшін еңбек жағдайы, соның ішінде, жалақы төлеу мәселесі, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты және өзге де жағдайлар көзделіп өтуі тиіс. Бұл жағдайлар өзге қызметкерлермен салыстырғанда мүгедектердің құқықтарын шектемеуі немесе олардың жағдайын нашарлатпауы керек.
Жекелеген қызметкерлер санатының еңбек жағдайы тек ҚР «ҚР еңбек туралы» заңмен ғана емес, сонымен қатар, өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелуі мүмкін. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы барлық мемлекеттік қызметшілерге таралады.
Мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларға төмендегідей талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
2) жекелген лауазымдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жасы 18-ден төмен болмауы тиіс;
3) қажетті білімі, кәсіби дайындық деңгейі болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13-бабы).
Қызметкерлерді санаттарға бөлудің негізгі мәні мынада: жалпы ережелермен қатар олар үшін жұмысқа кіру мен жұмыстан босатуда; жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеуде; жалақы төлеудегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға; тәртіптік және материалдық жауапкершілік және өзге де мәселелерге қатысты арнайы нормалар белгіленеді.
Бұл мысалы, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін - жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы (46-б. 1-т.); олардың еңбегі түнгі уақытта пайдалануға қатысты тыйым-нормалар (48-б. 3-т.), мерзімнен тыс жұмыстар істеуге тыйым (49-б. 3-т.) және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ресми-іскери қазақ тілі, т. I/ Ақанова Д.Х. жэне т.б. Алматы: 2002.
2. Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі: оқу қүралы/ А. Алдашева жэне т.б.- Алматы, 2004,
3. Жалмаханов Ш.Ш. Заңгерлерге арналган қазақ тілі. - Астана, 2005.
4. Әлісжанов С. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе: оқу құралы. - Алматы, 2005.
5. Ресми-іскери қазақ тілі, т.2/ Ақанова Д.Х. жэне т.б. - Алматы: 2002.
6. Орфографиялық сөздік/Н.Уәлиұлы жэне т.б. - Алматы, 2007.
Достарыңызбен бөлісу: |