Еңбек құқығының жүйесі.
ҚР еңбек құқығының жүйесі-ол бір тұтас (сала) негіз құрайтын, неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да одан да құрылымдық бөлшекті норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты жалпылығы.
Еңбек құқының барлық жүйесі құралым бойынша екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.
Еңбек құқығының құқықтың ұқсас салаларынан ерекшелігі
Еңбек құқығына ұқсас құқық салалары болып азаматтық құқық, әкімшілік құқы қоғамдық қамтамасыз ету құқықтары саналады.
Азаматтық құқық пәніне еңбекке қатысты қоғамдық қатынастар кіреді, олар орнын толтыру түрінде болады, келісім шартқа негізделген. Оған жалға алу келісімі, тапсыру, авторлық келісу т. б. шарттарын орындаулар жатады. Алайда бұл қатынастар мен еңбек құқы пәніне кіретін қатынастар арасында олардың әр салаларға жататынын көрсететін біраз ерекшеліктері болады. Еңбек қатынасының пәні мен оның мазұмыны еңбек процессінің өзі болады және соның өзі құқықтық реттеуге жатады. Азаматтық құқықта пәні ретінде соңғы қорытынды болады.
Еңбек құқығына әкімшілік құқығының белгілері ұқсас болады, оның ішінде мемеклеттік қызмет институттары, оның пәні ретінде мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік-басқару қатынастарын жүргізу болып табылады. Оның еңбек құқығынан негізгі ерекшелігі еңбек қатынасы екі жақтың тең құқылығын көрсететін жеке еңбек келісім шартына отырудан басталса, мемлекеттік қызмет сферасында әкімшілік акті негізінде және лауазымға тағайындау негізіндегі қатынастардан көрінеді, бұл жерде қатаң түрде билік ету бағындыру жүйесінде көрінеді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығынан еңбек құқығы келесі белгілері бойынша ажыратылады- қоғамдық қатынастар әлеуметтік қамтамасыз ету құқығын реттеудің пәні болып табылады, олар азаматтардың еңбекке емес материалдық жағдайын қамтамасыз ету құқын талап ету кезінде туандайды, әлеуметтік қамтамсыз ету құқы азаматтарға еңбекті төлеу қаржысынан емес әрбір жұмыс берушіде болатын бюджет қаржысы есебінен ақша бөлуді қарастырады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңыңың 3-бабы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді.
2. Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығымен немесе ішінара) шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары қолданылады.
Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші. Еңбек құқығынын қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін олардың әрекет ету күшінің басталу және аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің тәжірибелік маңызы зор.
ҚР Конституциясының нормалары мен ережелері оны ресми түрде жариялаған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылға 30 тамызда республикалық рефереңдумда Конституцияңы қабылдаған күн Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп саналады. ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмейтін бөліктері қолданылады. Конституция және оның жекелеген нормативтік ережелері белгіленген тәртіп бойынша жаңа Конституция қабылдағаңға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулылары, егер осы актілердің өзінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, алғаш рет ресми түрде жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Мысалы, Қазақстан Республикасыныщ «ҚР еңбек туралы» заңы 1999 жылғы 10 желтоқсаңда қабылданды, ал «ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының күшіне енуі туралы» арнайы заңның негізінде 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
ҚР Парламентіңщ және оның Палаталарыңың қаулылары, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап, ал ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік оргаңдардың нормативтік құқықтық актілері, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Дәл осыңдай мерзімдер жергілікті өкілдік және атқарушы оргаңдардың нормативтік құқықтық актілерінің күшіне еңуі үшін де белгіленген.
Нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену уақытының маңызы өте зор, себебі, ол осы актілерде көзделген заңды жауапкершіліктің туындау мерзімдерімен және осы актілердің кері күші туралы мәселені шешумен байланысты. Жалпы ереже бойынша нормативтік құқықтық актінің күші бұл акт күшіне енгеңге дейіңгі қатынастарға таралмайды. Тек актінщ өзінде немесе осы актінің күшіне енуі туралы арнайы заңда нормативтік құқықтық актінің не оның бөлігінің кері күші көзделсе ғана ол өзі күшіне енгенге дейінгі қатынастарды реттеуде қолданылуы мүмкін. Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердщ (ҚР Жоғарғы Сотының және Конституциялық Кеңесінщ нормативтік қаулыларын есептемегенде) күшіне енуінің маңызды жағдайы болып олардың ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі табылады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілердің заңды күші болмайды.
Нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Егер актінің өзінде немесе осы актінің күшіне енуі туралы актіде өзге мерзім көзделмесе, нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты деп танылады. Әрекет ету күшінщ уақытша мерзімі бүкіл акт не оның жекелеген бөліктері (бөлігі) үшін белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек туралы нормативтік құқықтық актінщ күші қандай мерзімге дейін сақталатыны міндетті түрде көрсетіледі. Бұл мерзім өткеннен кейін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган актінің күшіне қатысты жаңа мерзімді белгілеуі немесе оны тұрақты деп тануы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су және әуе кеңістігі танылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасыныщ аумағы нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету күшінің құқықтық кеңістігі болып табылады.
Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне және шетелдегі өзге де аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер- аумақтық, теңіз және әуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады.
Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласындағы халықаралық келісімдерде көзделсе, Қазақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілерінің күші өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да таралады.
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ғана таралады.
Қазақстан Республикасыныщ жекелеген жерлеріндегі (шалғай елді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке және т.б.) еңбек жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысына қатысты аудандық коэффиценттерді, әр түрлі жеңілдіктерді, кепілдіктерді және т.б. көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады.
Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші. Бұл ерекшелік белгілі бір тұлғалар санатына қандай да бір нормативтік құқықтық актіні күшінің таралу ерекшелігінен көрініс табады.
Егер ҚР Конституциясында, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырушы ҚР азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығымен немесе ішінара) шетелдік заңды және жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР еңбек заңнамасын^ің нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар ретінде Қазақстан Республикасыныщ азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері бар тұлғалар танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері жоқ тұлғалар азаматтыгы жоқ тұлгалар ретінде танылады.
Шетелдік азаматтар еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтарды иеленіп, міндеттерді орындайды.
Егер Қазақстан Республикасыныщ заңнамасына сәйкес осындай лауазымға тағайындалу немесе еңбек қызметімен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігімен байланысты болса, шетелдік азаматтар белгілі бір лауазымдарға тағайындала алмайды немесе белгілі бір еңбек қызметімен айналаса алмайды (ҚР Президентінщ 1995 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азамтатардың құқықтық жағдайы туралы» заң күші бар жарлығы).
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағындағы еңбек қызметі осы мемлекеттер арасында екіжақты, сонымен қатар, көпжақты негізде бекітілген шарттарға және заңға сәйкес жүзеге асырылады (ҚР 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғындардың көшіп-қонуы туралы» заң).
Еңбек саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді (бұлай бөлудің негізіне объективтік факторлар, соның ішінде, Қазақстанның әр түрлі аудандарындағы ауыр табиғи-климаттық жағдайлар алынған):
1) экономика саласына және еңбек жағдайына қарамастан, жалданбалы еңбек қызметкерлеріңін барлығына таралатын жалпы нормалар. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының күші тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да таралады;
2) қызметкерлердің жекелеген санаттарына (әйел адамдарға, кәмелетке толмағандарға, бюджет саласының қызметкерлеріне, ауыр және зиянды өндіріс жұмысшыларына, уақытша және маусымдық қызметкерлерге және т.б.) таралатын арнайы нормалар.
Осы заңда қызметкерлердің белгілі бір санаттары - еңбек құқық қабілеттігі шектеулі тұлғалар, кәмелетке толмағандар, жасы кіші балалары бар әйелдер үшін жеңілдіктер көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |