Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері


Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері



бет3/8
Дата31.12.2021
өлшемі41,1 Kb.
#21417
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Е бек ы ыны айнар к здері. Е бек ы ы айнар к здеріні т

Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері.
В.Н.Уваров атағаңдай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі және туыңды.

Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметіңің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, миңистрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.

Еңбек заңнамасы саласындағы туыңды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізіңде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды.

ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмеңдей беретін деңгейлерге сәйкес болады:

Қазақстаңдық құқықтың, соның ішіңде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасыңда ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағыңда ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.

Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.

1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағаңда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішіңде, еңбек құқығыңың қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітті. ҚР Конституциясы адам және азаматтың құқықтарын, бостаңдықтарын және міңдеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция әркімнің еңбек ету бостаңдығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке тыйымды және қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын; еңбегі үшін неңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген тәсілдерді пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын мойындады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіңдерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күңдеріне, жыл сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұңы еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады.
Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
■ Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

■ констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;


■ Қазақстан Республикасыңың кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің

заң күшіне ие жарлықтары;


■ Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
■ ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
■ министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік оргаңдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;
■ мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясыңың нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңың өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасыңың мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының заңдары табылады.
ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес зандардын келесі түрлерін атап өтуге болады:
1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясыңда (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 казаңдағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);
2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында осылай танылған және Конституцияда белгіленген тәртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазаңдағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы;
3) жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «ҚР еңбек туралы» заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсаңдағы «ҚР халқын жұмыспен қамту туралы» заңы және т.б.
Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретіңде еңбек қатынастары саласыңдағы заңға сәйкес актілер де танылады.
Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл - ҚР Президентіңщ нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің және Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сәйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады:
1) заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі және шегінен шықпауы тиіс;
2) олар заңдарды орыңдауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясының 62-бабына сәйкес, Парламент Республикаңың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасыныщ заңдары, Парламеттщ қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарыңың қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Заңға сәйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие.
Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы» жарлығы.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие.
ҚР Конституциясының 69-бабына сәйкес Үкімет өз құзыретіңдегі мәселелер бойынша қаулы, ал Премьер-министр - өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында міндетті сипатқа ие.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасыңың «ҚР еңбек туралы» заңының орны ерекше. Бұл акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.
Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет