Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері


Халықты еңбекпен қамту туралы заң



бет4/8
Дата31.12.2021
өлшемі41,1 Kb.
#21417
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Е бек ы ыны айнар к здері. Е бек ы ы айнар к здеріні т

Халықты еңбекпен қамту туралы заң.
Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт - біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», «жұмыссыздың мәртебесі» сияқты түсініктерді анықтады, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді.
Осы заңға сәйкес еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру оргаңдары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі.
Ұжымдық шарттар туралы заң кәсіпорың, ұйым деңгейінен жоғары әлеуметтік-әрішестік катынастарды ретгейді. Сонымен катар, бұл заң ұжымдық шарт және оның бекіту тәртібін ретгейді және де алғаш рет ұжымдық шарттарды және әлеуметтік-әріптестік қатынастарды бекіту бойынша ұж^імд^іқ келіссөздерді жүргізудің тәртібін бекітті.
Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласыңдағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.
Кәсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кәсіптік одақтарды құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары мен қызмет кепілдіктерін бекітті, кәсіптік одақтардың қызметкерлер құқықтарын қорғауға байланысты жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарымен, заңды тұлғалармен және азаматтармен қарым- қатынастарын реттеді.
Ұжымдық еңбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін, ұжымдық келіспеушіліктерді шешу мерзімін және тәртібін бекітті. Заңда ереуілге шығудың анықтамасы, ереуілді қашан және қаңдай тәртіппен жариялап, ұйымдастыруға болатыны, кімдердің ереуілге қатыса алмайтыны көрсетіліп, ереуілге қатысушылардың кепілдіктері мен заңсыз ереуілге шыққаны үшін жауапкершілік көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет