Байланысты: Е бек ы ыны айнар к здері. Е бек ы ы айнар к здеріні т
Нормативтік құқықтық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді: 1. Қазақстан Республикасыныщ заңдары, ҚР Президеңтіңщ жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер осы актілердің өздерінде не олардың күшіне еңуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
2. ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары - егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап;
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары - қабылданған күңнен бастап;
4. ҚР Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, соның ішіңде, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Ұлттық Банкісінің нормативтік құқықтық актілері - егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң.
Бұл заңның тек күшіне енген сәтінен бастап қана құқықтық қатынастарды реттеп, белгілі бір заңды салдарды тудыратынын білдіреді.
Еңбек заңнамасы саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерден туындайтын бірқатар туынды нормативтік құқықтық актілер бар. Мұңдай актілердің қатарына мыналар жатады:
1) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік кұқықтық акт;
3) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметіңщ ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың коғамдық қатынастардың қаңдай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Аталған нормативтік құқықтық актілердің барлығы туынды сипатқа ие және негізгі актілерге қатысты қосымша рөлді атқарады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі келесі ерекшеліктерге ие:
1) еңбек заңнамасы актілерін қабылдауға осы сала субъектілеріңщ өздері қатысады (қызметкерлер өз еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және өзге де өкілдік органдар арқылы; жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару кезіңде және өз өкілдері арқылы);
2) қайнар көздер жүйесіне еңбек құқығың^ің біртұтастығын және әр түрлілігін көрсететін жалпы (барлық қызметкерлер үшін) және арнайы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін) еңбек заңнамасы енеді;
3) еңбек құқығы қайнар көздерінің барлығы заңдарға және заңға сәйкес актілерге бөлінеді. Заңдар, өз кезегінде, негізгі (Конституция), өзге де конституциялық (Адам құқықтарынын жалпы декларациясы) және ағымдағы (мысалы, «ҚР мереке күндері туралы» заң) деп бөлінеді. Қазақстан Республикасытыщ Конституциясы мен ҚР «Еңбек туралы» заңы Қазақстан Республикасының аумағында жоғарғы күшке ие.
4) бұл жүйеде мамандаңдырылған оргаңдардың (мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) актілері мен еңбекті қорғауға, еңбек заңнамасына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мамаңдандырылған мемлекеттік инспекциялардың нормативтік бұйрықтары, ережелері, нұсқаулықтары бар;
5) ҚР еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіне, сонымен қатар, Қазақртан Республикасы таныған еңбек мзселелері жөнңдегі халықаралық - құкықтық актілер және Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттермен әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша бекіткен халықаралық шарттары жатады. ҚР Конституциясында осы халықаралық нормалардың ұлттық заңнамадан үстемдігі атап көрсетілген.
Еңбек құқығынын барлық қайнар көздерін бағыңыстылығы бойынша заңдар мен заңға сәйкес актілер деп қана емес, олардың әрекет ету ауқымы бойынша (республикалық, облыстық, қалалық, салалық жарғылар, ережелер) және еңбек құқығының жүйесі, яғни, институттар бойынша да бөлуге болады.