Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет10/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
46 
Əйелі я бақша суарып жатады, я тандыр жауып жатады, күйеуінің 
шақырғанын қапелімде естімей қалады. 
- Қатын, керең болып қалғансың ба?.. 
Ауланың əлдебір түбінен жер астынан шыққандай тұншыққан əлсіз 
дауыс естіледі. 
-
О, не боп қалды, байеке? Ахмет бай күйіп-піседі. 
-
Ау, бері кел, бері... 
Əйел қолын етегіне сүртіп, күйеуі отырған бөлмеге беттейді. 
-
Маған 
қарашы. 
-
И ə .
-
Не «иə, иə» дей бересің. Көрмеймісің?.. 
-
Көріп түрмын, байекесі... 
-
Нені керіп тұрсың? 
-
Сізді керіп түрмын, байекесі. 
Ахмет байдың бұдан арғыға шыдамы жетпейді, күйе-уінің неге 
ашуланғанына түсіне алмай аң-таң боп тұрған əйелін, басындағы дағардай 
сəлдесін шешіп алады да, құлаштап тұрып бір тартып, үйден қуып 
шығады. 
Шебер жігіт есік алдындағы саяжайда бұның бəрін естіп, ішінен мырс-
мырс күліп отырады. 
Ахмет байдың даусы біраз уақытқа тынып қалады. Бір уақыттарда барып 
өзі көрінеді. Басында-дағара сəл-де, үстінде-қырмызы шапан, аяқта-
көксауыр кебіс. Дегене қарынды ені бір қарыс деңмент белбеумен буып 
салған. Шапанының ойық омырауынан аппақ шəйі көйлегі жарқырайды. 
Мейманнан: 
-
Ұста-Үкə, қалай? – деп сұрайды. 
-
Келісіп түр, байеке. 
Ахмет бай саяжайдан шалқақтай басып төмен түседі, ауланың əлдебір 
түпкірінде жүрген əйеліне: 
- Қатын, дүкен бүгін ашылмайды, – деп бір айқайлайды да, қолын 
құлаштай сермеп, бірақ біреу екі аяғын тұсап қойғандай, адымын жазбай 
тыпыр-тыпыр басып, дарбазаға беттейді. Содан ымырт түсе бір-ақ 
оралады.
Дарбазадан аттамай жатып: 
- Қатын, құманыңда су бар ма? – деп айқайлайды. Жез дегендегі ыстық 
суға аяғын малып отырып, су құйып тұрған əйеліне, үй қожасының 
алдынан шыққан Жаппарға, тандырдың қасында тамақ пісіріп жүрген 
қызына ауланың тубіндегі шошалада сабан қажап тұрған есегіне, одан 
бері дөңкиіп-дөңкиіп көрінген қос доңғалақ арбаға, көптен бері қол 
тигізілмеген мыжық-мыжық дуалға, бозғылт аспанда енді-енді жымыңдап 
көріне бастаған бірен-саран жұлдыздарға, арықта суы сылдырап ағып 
жатқан тыныш көшеге, көрші-қолаңға, он сан сарайлары мен хан бағына, 
күллі шаһарға, тіпті күллі дүниеге түгел естілсін, Ахмет байдын бүгін 
базардан не бітіріп қайтқанын бəрі де түгел білсін дегендей даусы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет