Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет101/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
137 
жаһанды қалтыратқан қаһарлы хан аты бар емес пе? Сол немелерді 
жиып ап, бетпе-бет кездесіп, көздеріне неге үңіліп көрмейді. Оның үстіне 
мынау тас қамауда қашанғы қамалып отыра бермек. Басқаны былай 
қойғанда бауырынан шыққан шұбар жылан Кіші ханым мен əр адымын 
аңдып, тың тыңдап жатқан бəйбішесіне, солардың соңындағы көп 
шуылдақ нөкерге таба болмай, серпілмей ме бір... Өзі не істесе де, 
ауыздарын ашып, айран-асыр қылатын қор көкірек көп надан, бəлкім 
мұның бұл қылығына да жерден жеті қоян тапқандай таң қалар. Ең 
болмағанда, əйтеуір, өз төңірегіндегі көп шуылдақтың көңілдеріне не 
қашып жүргендерін аңғарып қайтады ғой. 
Ертеңіне Əмірші бас уəзірді шақыртты. Бас уəзір есіктен бүгежектеп 
əрең аттады. Бір қараса ар жағындағыны түгел көріп қоятын бадырақ 
көзін жерден көтерген жоқ. Əмірші бүйрығын айтып бола бере, құлдық 
ұрып шығып кетті. Əміршіге кəрі түлкінің дəл мынадай қорғалақтап 
қалғаны үнамады. Өз ойындағы күмəн шын боп шығып жүрмесе қайтсін. 
Сарай маңындағылар Əміршінің кейінгі қылықтары неден өрбіп 
жатқанынан түгел хабардар емес пе өзі? Əлгі түлкі бірдеңеден сыр 
алдырып қалам ба деген кісіше кетуге асықты ғой. Өңінде бір үрей бар 
сияқты. Əлде бұдан өзі жоқта мынандай сұмпайы мұнараны неге 
салдырдың деп, бас шебердің кебін кигізіп жүре ме деп қорықты ма екен? 
Ол да мүмкін-ау! Қап, өзін жібермей ұзағырақ ұстай тұрмаған екен. Көп 
адам мұның үнсіз сотына шыдай алмай, қипақтап бітетін. Ол бос уəзірді 
тағы көргенше асықты. Одан басқа сарай адамдарын да, балалары мен 
əмірлерді де тезірек көргісі келді. Олар да алгі бас уəзір құсап бүгежектер 
ме екен, жоқ па екен? Егер олар да жаңағы құсап, бастарын іштеріне 
алып, қорғалақтай бастаса, бірдедені білетін болғандары... 
Төрт-бес күннен соң Ұлы Əмірші аңға аттанатын болды. Үйір-үйір аңшы 
иттер, тазылар, садақшылар, Əміршінің қара-құрым жеке нөкері, 
аспаздары мен қызметшілер, аң үркітетін кернейшілер мен дабылшылар –
ұзын шуақ керуен астанадан шығып, ту-ту көз ұшында еміс-еміс көгеріп 
жатқан зеңгір тауларға беттеді. Бір күншілік жол жүріп керуен тауға да 
жетті. Сарай адамдары, əкімдер, қол басылар, Əмірші əулеті ақар-шақар 
шыңдардың арасынан арсы-гүрсі құлайтын жойқын өзеннің бойындағы ну 
жынысты қойнауға шатырларын тікті. Тау арасы мен өзен бойындағы 
жыныстарды түгел сүзіп шығатын болды. 
Қызылды-жасылды керуен, жүзіктің көзінен өткендей сүлік сəйгүліктер, 
бес қарулы беліндегі сəнді саптар бұның баяғы бір шарасына толып 
шалқып жүрген дəурендерін еске түсіргендей. Жазықта миыңды шағып 
тұрған шақар шілде тау қойнауына кірген соң, қайратынан айырылып 
қалыпты. 
Тау бойына қонған күні Əмірші ағыл-тегіл дастарқан жайды. Шарап судай 
ақты. Жұрт қанша дуылдасқанмен, Əміршінің құлағы елең етердей 
ештеңе аңғарта қойған жоқ. Бəрі де сол ертең басталғалы тұрған 
аңшылықтың жайы. Ат мақтаған, ит мақтаған, құс мақтаған кеу-кеу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет