Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 

Әне, сөйтіп баланы жаман үйрететін өзің. Бетімен жібергеннің жазасын анау күні 
татсаң да, саппайсың,- деп бір жағынан оны қатыны құрғыры қостап шаужайлады. Омар: 
"Осы қатын неге бер дей береді? Әлде, Қамардан бірдеңе сезді ме екен?" деп ойлап: 

Қамардан сұратыңдар, ол еш нәрсе демесе, мен не қылайын,- деді! 
Қатыны ашуланып: 

Иә, Қамар саған жөнін айтқалы тұр, оның ықтиярына жіберсек, Ахметтің қасында 
патшаны да керек қылмайды,- деп ол баяғы таусылмас түказзибанға* кетті. 
"Шығасыға иесі басшы" деп бұл жолы Қамарды да қара басты. Істің бәрін біліп жатса да, 
алдыңғы ұятынан жасқанып, дүкенді қызу үстінде соға алмай қалды. "Мен үшін 
әуреленбе!" деп, көріне батыршылық қылып зарлап тұрса, Омар көнбес пе қайтер еді?.. 
Омар үндемей төмен қарап отырып-отырып жыламсырап: 

Қамар секілді асыл туған қарашығым, сендердің надандықтарыңа шынымен-ақ 
қара тоқты болғаны-ау! Көз жасы, обалы мойындарыңа! Лайым көздерің ашылмасын! 
Мейлің итке, мейлің құсқа бер... Ай, бағы ашылмаған, қарағым-ай!.. Надандық-ай-й!..- деп 
еніреп барып, бүк түсіп жатып алды. 
Отырған кісілердің бірсыпырасы: 

Қайтсін байғұс! Екі қарашығының бірі болған соң қимай жылайтын шығар. Әйел- 
бала қанша басы алтын болса да жат жұрттық екені есінде бар деймісің? Бұрын бала 
ұзатып көрмеген кісі сүйтеді ғой...- десті. 
*Түказзибан (арабша)- түпсіз өтірік деген сөз, бірақ бұл жерде шексіз әңгіме деген ұғымда 
қолданылған. 


31 
Әдеби KZ 
Оспан: 

Жынды неме! Жыны ұстап отыр да. Әйтпесе одан басқа кісі бала өсірмеп пе еді? 
Бар! Мәймөңкелейтін дәнеңесі жоқ, жұмыс бітті. Келер сенбі - бабаларымыздың сәті
келіп құда түссін,- деп, өзінің суылдақтарының бірін жіберді. Тап жүрерде құлағына 
сыбырлап: 

Ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен икемге келтіргенімді Нұрекеңе сездірерсің, 
жарай ма?- деп қойды. 
Неге тұрсың, құлағын тігіп ентелеп тұрған құдалар айтылмыш күнде сап ете түсті. 
Омар қайтсін, амалы бар ма? Іші түтін, сырты бүтін, өлмегенге қара жер, құр сүлдері ғана 
өрт сөндірген кісідей болып жүріп, тойын қылып, құдасын түсіріп жөнелтті. Келер сәтке
онда мал алуға барады. Жанын салып, сый-сыяпатқа ауыздарының суы құрып: "Айттым 
ба, бір Қамар тұрсын, жүз Қамарлық орын" деп гуілдесіп қайтысты. Жорға Нұрым беретін 
қалыңмалынан бір тиын да қалдырмастан құтылып, осы боқырау артынан Қамардың соқа 
басына разы болатындығын білдірді. Омар "ендігі жолы, пәлен-түген" деп тайғақтаса да, 
жұрт тағы көндірді. Ал енді Қамардың басына түскен заманақыр былай тұрсын, Қамардың 
қатар өскен замандас, тұстастары: "Шіркін, Қамар-ай, шынымен сол дөңкиген өгіз секілді 
немеге кетеді-ау!.. Қыздың байы мал екен-ау!.."- деп аяп, қабырғалары қайысып, 
көздеріне жас алды. Тіпті сонына түсіп бүлік шығарған елірме замандастары да Нұрым 
мен Оспанның дымын қалдырмай, сақал-мұрттарына дейін әдемілеуші еді.. 
Оны айтасың, Ахметтің шықпаған не жаны, не сәні жүр дейсің. Мынау зұлымдықты 
көргенше, қаңғып өлейін деп, оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жердегі шаһарға 
кетті. Кетерінде Қасен досына жазған хаты мынау екен: 
"Жан достым, хат жазамын сізге таман, 
Құр сүлдер жаным шықпай, жүрмін аман. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет