35
Әдеби KZ
Сұлу алғыш ақсағым; сонда болар зар-зар!"
Уәделі күнінде басшы, қосшы, сауықшысымен сәулеттеніп, ілу-жыртыс, кәдені адам айтар
емес
мол қылып, көшкен елдей пай шіркін! Біздің ынтығып тұрған болыс күйеуіміз де
келіп қалды-ау. Не тұрыс бар? Абыр-жұбыр той болып қалмасын ба?
Келмей жатып қатындардың:
-
Бай деп, кісі деп Нұрымды айт. "Кәріліктің алды, жігітгіктің соңы" деп, шіркін ерледі
ғой. Қамар секілді қосағының түс келуі сонысына қарай ғой. Ой, өркенің өссін!
Алғаныңмен қоса ағар!",- деп ауыздарын
кере-кере алғыс айтып, мүлгісіп
қалғандары
Нұрымның шынымен-ақ дүние аямағандығының белгісі еді.
Бұл тойдың қалпы мынадай
болды:
Жамбас ұстап, жал шайнап, мынау жақта.
Дүрілдескен ақсақалдар.
Сойған малдың қан-жынына тойып
ана жақта;
Күрілдескен төбеттер.
Төр алдында қарындарын сипай-сипай,
Қалжыңдасып.
(Бұл арада үш бет жоғалған)
Айран сұрап шелекті жасырмайын.
Ежелден дегдарлымсың тұқымы оңған,
Малыңа, басыңа да қыдыр қонған.