39
Әдеби KZ
Ал, енді көріп тұрсың халім мынау.
Халімді қаріп қылған залым мынау.
Тым болмаса он бестен аспай жатып,
Қорлықпен өткенің бе, қайран күн-ау!
Шынымен сол Нұрымға кеткенім бе,
Бәлеге құтылмастай жеткенім бе?
Малы көп
мал сияқты пасық қақпас
Жанымды соған құрбан еткенім бе?
Еткенім бе? Еткенім бе?!- деп тұрып, талықсып жығылып кетті...
Су бүрікті, үйтті-бүйтті, біраздан соң, Қамар уһлеп есін де жиды. Міне, Қамардың
мұнысына
көз жастары бетін жуып, жанынан жан бөліп бергендей болып аяғандар да
болды.
-
Ойбай! Өтірік, жаны шықсын! Сондағысы Ахмет пе?- дегендер де болды.
"Байтал тұрсын бас қайғы", ойнау тұрсын, уайым арқалап бірсыпыра жұрт тарасып та бітті.
Таң атып барады. Күзгі ақша қар мен түйдектелген ұшпаның ызғары еркіне қоймай, "қол
ұстатарды" тосқан кәдешіл қатындардың аяқтары тоңып қатып барады. Бір жағынан
шымылдықтың ішіне сыймай тықыршып, онан бір, бұнан бір өңмендеп қарап: "А, құдай,
Қамар! А, құдай, Қамар!" дей түсіп, жалған дүниенің жартысындай дөңкиіп Нұрым отыр,
анда-санда көрініп кеткен қатындарға:
-
Бұл немене? Болсаңдаршы!- деп қояды.
Қамар қатындардың қанша жалынған сөздерін керек қылмай маңайына барған кісілерді
жұлып-жұлып тастап, әлде қашан жатып алған. Бір бұрышқа бүркеніп, қырғи қуып түсірген
торғайдай бір уыс қана доп-домалақ
болып тығыла тықсырылып, қайтсем, жан қалады