Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет45/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 

Жан достым, Ахметпісің, жанымбысың! Қайдан, қайдан келдің? Қайда жүрдің? 
Қарағым дейтін Қамарыңды көруге келдің бе? Міне, Қамарың! Көр, көр!.. Міне, көр... 
Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар, 
Амалсыз бәріне де көнген Қамар. 
Айдай әлем аузының суын құртып, 
Арманда арсыздардан өлген Қамар. 
Құдайға бүгін алса арманым жоқ, 
Түксиген түк сақалға барғаным жоқ. 
Қорлықта қосыла алмай кетсем-дағы 
Әйтеуір, жүзің көрмей қалғаным жоқ. 
Қарағым жатыр едім сені тосып, 
Әуелден сүйген жарым құдай қосып. 
Мұндай күйге ұшырадым, ғашық достым, 
Сақалды перғауыннан жаным шошып. 
Кетейін, берірек кел, арыздасып, 
Азырақ сөзіңді естіп, мауқым басып. 
Тіріде обалымыз - қазаққа ғой, 
Құдайым қияметте қылсын нәсіп. 
Санаулы, қалқа жаным, қалған күнім, 
Талмаусып шықпай жатыр көрдің бе үнім? 


79 
Әдеби KZ 
Нұрыммен өмір сүрген бір күнімнен, 
Жақсы ғой қабірдегі мың күн, түнім. 
Уақытым жоқ қош айтысар болды сізге, 
Баратын әлгіде айттым жолды сізге. 
Мың қайтара жаныңнан құрмалдық боп 
Әкелші мен берейін қолды сізге. 
Қайтейін мен қимаймын, шыбын жаным! 
Аһ, дүние, қимағанмен не дүр халім?! 
Сүйгенге бір қосылып, сүйсіне алмай, 
Құртқа жем болғаның ба, ғазиз тәнім? 
А, құдай, өзің тексер көз жасымды, 
Әділсің, көріп тұрсың жас басымды. 
Мың шүкір, бүгін өлсем, арманым жоқ, 
Көрсеттің жаным сүйген жолдасымды. 
Жаратқан құдайымсың мейірбанды, 
Асырадың рахметіңмен барша жанды. 
Айтайын қолым жайып тілегімді, 
Аясың мейірім қылып, нақақ қанды. 
Тоқтау бер, мұнан былай қазағыңа 
Шалдардың қызды салмай мазағына! 


80 
Әдеби KZ 
Дуасы бейшараның қабыл деп ең, 
Сол үшін мен разы азабына. 
Сонан соң жұртты аздырған ишанын ал! 
Соңынан судай ақсын жөні жоқ мал. 
Надан, сопы, мүридін айырмастан, 
Тамұқтың дәл түбіне апарып сал! 
Тағы да балгер-бақсы - бәрін де жой, 
Жалғыз-ақ жаны ашитын жастарды қой! 
Қақшаңдаған қақбас шал тағы кетсін, 
Қабыл ғып тілегімді, құдайым-ой! 
Қазақта қыз туған жоқ менен артық, 
Құлпырдым он бескеше бағым артып, 
Майысып пісіп тұрған дер кезімде, 
Малды шал анталады иттей тартып. 
Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы! 
Түйрейтін мал менен шал - саған бізі. 
Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы, 
Бол себеп ақырында қалмасқа ізі. 
- Уай, дүние!.. Арманда кеткен қыршын жаным-ай!.. 


81 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет