Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Біреуге мал мен бақты үйіп беріп, 
Ақылсыз екі аяқгы мал қылғаның
Біреуге Аплатондай білім беріп, 
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның; 
Қыздарын теңге бермей, малға беріп, 
Қазақты қара көңіл аң қылғаның; 
Мейлі доңыз болсын, қоңыз болсын, 
Малдыны кісімсітіп паң қылғаның. 
Көрсетіп құдіретіңнің шеберлігін, 
Пендеңнің миы жетпес таң қылғаның" 
деп жазды да, қағазын жиып, жанындағы домбырасын алып далаға шықты. Әлгі жазған 
өлеңін жұрт түсінерлік қылмаса да, бір түрлі зарыққан, зарлы жіңішке әуезбен көмейге 
салып баяулатып, жаяулатып домбыраға қосты да отырды. Басқалар мұның не екенін 
қайдан білсін, Қамар тағы бір жақсы ән шығарыпты, ал үйренейік десіп, жүгірісуде еді. 
Сөйтіп ойы онға, ақылы алтыға бөлініп әуреленіп жүрген кезінде Ахметтен тағы мынадай 
хат алды: 
"Қалқам-ай, қапа қылдың жауап бермей, 
Жүр ме екен қолың тиіп, реті келмей? 
Дәрменсіз, дертім қалың, жүрек толқып, 
Мен жүрмін сол қападан әзер өлмей. 


11 
Әдеби KZ 
Қалам қас, мамық тамақ, уыз қойы, 
Мөлдір көз, тілің бұлбұл, алма мойын. 
Көңілімді көкке ұшырмай дауалатшы: 
Алып-ұшып барады тұла бойым. 
Апырым-ай, көз қарасың тәуір еді, 
Мінезің салмақтылау, ауыр еді; 
Жауабың кеше-бүгін болмаған соң, 
Көз жасым көктен құйған жауын еді. 
Білемін ішкі жағың мені сүйер, 
Теңдесін теңдес сүймей, нені сүйер? 
Дәл ойың жалғыз қылдың үстінде тұр, 
Ауа алмай бір жағына ішің күйер..." 
деген жерге келген кезде, Қамардың хатты ақырына дейін оқып шығуға шамасы келе 
алмады. Сол жерде не болғанын да білмей, тамағында булығып тұрған ызалы жастары 
көзінен ытып-ытып кетіп, оқымастан алып қойды... 
Ал енді Қамардың толған жүрегі, толғанған көңілі олай да, бұлай да толқып келіп, 
тоқталған уақытта, өзіне-өзі сөйлескен кісідей мынаны айтушы еді: "Ахметті сүйемін-ақ, 
сүйгенім үшін осынша күйемін-ақ, ал енді шыдамадым... қараландым. Күні ертең ел-
жұртым екеумізді екі айырып жібереді... Онда не болдым? Қосылуға қарар таппаған 
көңіліміз айырылысуға неғып шыдатады?.. Әке, ағаларым болса, мені оған бермек 
тұрсын, бұл жазғанын сезсе де, бұ күнімізді өзімізге көп қылады ғой..." деп, оңашада әлі 
келетіні баяғы аяусыз көздің жасы еді. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет