9
Әдеби KZ
Қарайсың мөлдіретіп
жәудір көзің,
Шын айтсам, шыбын жаным сенің өзің.
Елжіреп іші-бауырым ынтығып тұр,
Тез естір мейірбанды жылы сөзің".
Қамар хатты оқып болған соң бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай, не ашу
емес, не қуану емес, белгісіз қысыльш, қарап тұрып бір тынышсыздыққа қалды.
Мұнан соң қайғы басқан кісі секілді әрдайым мұңайып, ойланып жүретін болды.
Бұрын
таңның атқанын, күннің батқанын білмейтін Қамар бір о жағына, бір бұ жағына аунақшып,
көрер таңды көзімен атқызатын уақыттары да болып жүрді. Себебі: бір жағынан Ахметтей
ақыл-ой, парасатты, тең
жігіт табылмайтындығын ойлап, бір жағынан әке,
ағаларының
Ахметті кедейсініп бермейтіндігін ойлап, түпкілікті
болмаған соң, құр біраз күнге
әуреленіп қалудың ретін тағы таба алмай, жатып-тұрып сандала беруші еді.
Бір күні қағаз алып, әлдене жазуға ойланса да: не хикмәт, қолы жүрмей жіпсіз байланған
секілді бір түрлі мұңайған түспен қаламды бір сияға батырып, бір қағаз үстіне жорғалатып,
бір ұшы-қиыры жоқ ұзын ойға батты да отырды. Бір жазып өшірді. Бір жазып жыртты.
Қаламды
қайтадан сия ішіне қойып, бір жақ қолымен жағын таянып, көзін сүзіп
тұнжырады да қалды. Әрі ойлады, бері ойлады, уысына еш нәрсе түсіре алмады. Біраздан
соң ауыр күрсінді де, қайтадан қаламын алып:
"А, құдай, жасты жасқа пар қылғаның,
Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.
Біреуге алтын, гауһар тахыт беріп,
Астана
жұрт билеген хан қылғаның;