Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет52/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Әсіресе байдың шалық мінез, есуастау кемпірі Анаргүл шайпау еді. Ол етек-жеңі елбе- 
делбе болып, өрістегі мал соңынан қалмайтын. Балаларынан бастап көрінген кісінің бәрін 
қарғап-сілеп шаңытып бара жатқаны. Өзім ортасында жүрмесем малымды біреулер талап 
алады деп табаны жерге тимейтін. Кеш батса, түні бойы көз ілмей қиқулап қораны 
айналып жүріп алады. Өз басым ол кісінің жайласып отырғанын көрмеппін. Әрдайым 
желе жорытып бара жатады. 
Ауыл адамдары Анаргүлден аулақ жүруге тырысушы еді. Егер абайсызда ұшырасып 
қалсаң, бір балағат сөз естімей құтылмайсың. Елді басынғаны сонша, ол қора-қора 
қойларды егіндіктің үстінен айдап өтуден де тайынбайтын. Балалары оған қой деп, тоқтау 
айтып көрген емес. Осыған орай өздері де шетінен сараң, құнамақор. Қыруар айран 
ашып, күбі-күбі қымыз қыжынап кетсе де, не өздеріне қимай, не жұртқа қимай отыра 
беретін. 
Ауыл адамдары байдың басынған қылығына ашық қарсы шыға алмайтын. Сондықтан 
алыстан жамандық шақырып, ырымшыл байдың кеудесіне үрей ұялатуға тырысатын. «Ай 
қисайды», «Жұлдыз орнынан ауытқыды», «бұлт керуені бүлінді», — демек бір жамандық 
жақын дейтін олар кемпірге. Сондықтан малға жұт келе ме, әлде топалаң тие ме, әйтеуір 
бір опат болатыны хақ дегенді айтатын. Кемпірдің суқаны қашып, әркімнен амал сұрап, 
бәледен құтылуға тырысатын. 
— Құдай-ай, сұмдығыңды сақтай гөр. Бұған не амал табамын,— дейтін. 
Сонда өзгелер: 
— Мұның бәрі диқан атаның қарғысына ұшырағаннан. Егінді таптап, шөпті рәсуа еткен 
малға Алла Тағала жаппай жамандық әкеледі. Бұдан аман құтылу үшін егінді таптаған қой 
мен сиырдың екі сауын сүтін елге таратып берген жөн. Сөйтіп сауабын алмаса, ел қарғысы 
атады,—деп шошытады екен.Сараң кемпір бұған көнсін бе. Сондықтан жұрт өзге бір оқиға 
ойлап табуға кірісетін. 
Әйткенмен есі-дерті байлығынан айрылып қалмауға ауған кемпір екі-үш күн егіндікке 
жоламай, малды ойқастай қайырып жүруші еді. Сонан соң баяғы таз қалпына қайта түседі. 


82 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет