Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет94/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Шуақты күн молайып, шұғылалы сәттер елді қызықтырған кез. Жер бетіне тебіндеп 
шыққан шөп төңірекке жасыл кілемін жая бастады. Ағаштар бүршік атып, жапырағын 
жаймақ. Атам еккен жеміс ағаштарының да бұтақтары бадана бүршікке кенеліп тұр. 
Төңіректің бәрі бусанып, баяу балқып жатқандай. Тек Алатаудың мұз бүркеген шындары 
міз бақпай ызғар шашады. Аспанда тырна тізбегі көрініп, айналадан құс даусы естілген 
болды. Мал төлдеп, рахаты мол мазасыз сәттер көбейді. 
...Бір күні қасқа сиыр бошалап, көкем бұзауын тартып алды. Үлбіреген танауына еппен 
үрледі де төселген сабанға жатқызды. 
Ұрпақ деген қандай тәтті еді, шіркін. Әлгінде қиналып жатқан сиыр орнынан тұрып, 
керемет қызғанышпен өз төліне төнді. Маңына жан адамды жолатар түрі жоқ. 
Жақындаған кісіні мүйізімен жасқап қойып шаранасын жалай бастады. Бұжыр тілі 
бұзаудың тықыр жүнін жалаған сайын төлдің үсті кеуіп әлдене беретін сияқты. Енді ол 
мөлдір тамшыдай таза жұмсақ тұяқтарымен жер тартып ұмтыла бастады. Осынау тірлікке 
келген соң, жұмыр жерді нық басқысы келгендей денесін әрең көтереді. Сидиған әлсіз 
аяқтары қалтырап, ұзақ тұра алмай, қайтадан бүгіліп кетеді. Бұзау сабанға сауыры тиіп 
жатып қалады. Енесі болса, тұмсығымен сүйемелдеп бауырына икемдейді. Бұзау да 
алғашқы шарасыздыққа көнгісі келмей ұмтыла береді, ұмтыла береді. 
Ақыры алғашқы кадамын да жасады. Енді ол тұмсығын әзер көтеріп, енесінің бауырына 
апара бастады. Уыз сүтке жетуге ұмтылады. Алайда ебедейсіз үлкен басын көтере алмай 
қайта сүрінеді. Тағы да ентелей тұрып, емшек іздейді. Осы сәтте көкем жақындады да, ала 
көзденіп қызғаныштан шатынап тұрған сиырды айқайымен жасқап, бұзауын теліді. Ана 
мен баланың табысқан сәтінен тәтті нәрсе жоқ екен ғой. Әлгінде ғана бізге мүйізін қадап, 
қызғаныштан тыным таппай тыпыршыған қасқа сиыр бұзаудың ерні желінге тиісімен 
біртүрлі рахатқа бөленіп, көзін жұмып тұра берді. 
Оқтын-оқтын мейіріммен мекіренген үнінен біз мал екеш малдың да қуанышын шын 
сезінгендей едік. 


151 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет