Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет92/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
әйелдің ащы даусы естілді. Оған зер салуға мұрша қайда, жүгіріп ішке кірдік. Әкем 
аурудың бас жағында дауыстап құран оқып, дем алып отыр екен. 
Әжемнің көзі жұмулы. Кірпігі болар-болмас қыбырлағандай. Көкем көзіне жас алып: 
— Апа! Апатай! — деп әлдене айтпақ еді, әкем зекіріп тастады. 
— Дем салып болғанша тыныш отыр. 
Осы сәтте әжемнің кеудесі сәл көтерілді де, аузын ашып, дем жұтқандай болды да сұлық 
түсті. 
Әкем жасқа булығып:— Хош бол, анашым! Ақ сүтіңді кеше гөр!— деді де, әжемнің бетін 
ақ матамен бүркеді. 
Kөкем мен жеңешем көз жасына ерік беріп, бар зарымен дауыс салды. Айнабек келіп 
әкеме көңіл айтып, өзгелерден сабыр тіледі: 
— Бүгін таңда тәңірім бір сүйікті құлын өзіне алып, біреуін бізге жіберіпті. 
Шүкіршілік етейік, — деді. 
Біз сонда барып түсіндік. Әлгі ащы дауыс Айнабектің әйелінің толғақ үстіндегі үні екен. 
Жарық дүниеге жас нәресте — қыз келген екен. Кейін ол қызға әжемнің атын беріп, 
әжемнің қызы атанып кетіп еді. Ауыл тегіс жиналып қалды. Ауланың қары күреліп, оңаша 
үйге әжемнің денесі қойылды. Жиналған ағайын-туғандар күзетіп отырды. 
Әр жақтан «Апам-ай!», «Апам-ай!» деп дауыс салып келген жақындарымыз мол еді. 
Үйімізде қазан көтерілмей, келгендер көршілердің әкелген тамағынан дәм татысты. 
Сүйекті үйде түнетіп шыққан соң, ертеңіне жаназа шығаруға қамданды. Ел өте көп 
жиналған екен. Ауыл-ауылға, ата-атаға арнап жыртыс жыртылды. Осылайша менің ең 
сүйікті әжеммен қоштасқан едік. Әжемді апта сайын еске алып, жұма күндері шырақ 
жағатынбыз, көкем құран түсіретін. «Үлкеннің өлімінің арты той» деп әншейін көңіл 


147 
Әдеби KZ 
жұбату үшін айтылатын сөз екен. Әжеміздің жоқтығы алғашқы күннен-ақ сезіліп, көпке 
дейін жетімсіреп жүрдік. 
* * * 
Әжемді, әсіресе, көкем көбірек сағынғандай еді. Үйді бір түрлі ауыр зіл меңдеп алып 
еңсемізді көтертпей қойды. Бұрынғы ашық-жарқын әңгімеден тыйылып, үй-іші күбірге 
көшкендей. Көкем болса шалқадан жатып алып, көкке телмірумен болады. Мең-зең 
күйден арыла алмай ауыр күрсінеді. Мұндай сәттерде оны әкем сейілткісі келіп әрі-бері 
жұмсап, тірлікке араластырғысы келеді. — Момынтай! — дейтін әкем баяу үнмен. 
— Басыңды көтерші, шырағым. Сейілсеңші. Бар, малды жайғап қайта ғой. 
Көкем үн-түнсіз орнынан сүйретіліп тұрады да, ілби басып далаға шыға береді. Сыртқа 
шыққан соң қой-ешкіні суарып, шөп шашады да сонан кейін жүресінен отырып алып
бейжай күйі қала береді. 
Әкем енді оны үйге шақырады. 
— Тұр енді, ішке кір, шай ішейік. 
Көкем тағы да үн-түнсіз орнынан тұрып, әкемнің соңынан ілесе береді. Күннен-күнге 
қабағы қатып, кірпігі ілініп барады. Баяғы қуақы мінезі, содырлау қылығынан жұрнақ та 
қалмағандай. Бәріміз де қолбасшысынан айрылған жауынгердей жалтақтаумен жүреміз. 
Әжем үйге кіріп келетіндей үнсіз күтінеміз. Біз әжемнің зілсіз айғайын, мейірбан тілегін, 
қатал мінезін, қайырымды жүрегін, адалдығы мен ақ батасын әбден аңсадық. Әжем 
бардағы алаңсыз дәурен басымыздан кетіп, әрқайсымыз енді ғана тірлік қамын 
ойластырғандаймыз. Алайда, ешқайсысы да әжем сияқты ұйытқы болар міндеттен 
қаймыға ма, әйтеуір әлі біреуі де бел шешіп берік мінез көрсете алған жоқ. Түс көргендей 
аңтарылған сәтімізден әжем келіп құтқарар ма еді. Қайдан болсын ондай күн. Күн өткен 
сайын ардақты ана бізден алыстай берген екен. 


148 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет