Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет90/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
куәлар неке суынан дәм татты... Осылайша үйде отырған елдің бәрі неке суынан ішісті. 
Кеседегі су таусылған соң, қожа екі жастың некесі қиылды деп жариялады. 
Майлыбай бір текше ақшаны қожаның алдына қойды. Енді қайтадан қазан көтеріліп, жас 
келіннің қолынан дәм тату үшін жұрт дастарқанға қайта отырысты. 
Ертеңіне Майлыбай әжеме алғыс айтып, алдынан кешірім өтініп отырды. 
* * * 
Үбианды барынша ырғап-жырғап Аюбайға ұзатып, Мамыттан алған қалыңмалдың 
қалдығын қайтарған соң, біздің үй мал-мүліктен мүлдем тақырланып, көпке дейін түзеле 
алмай жүрді. 
Өгей шешеміз осы тарыққан сәттерімізде әкеме тиісе беретінді шығарып алды. 
«Қазаныңда май қалмады, қатықталған шай қалмады, жайғасатын жай қалмады. Бір 
қызымды ұзатам деп аш өзек етіп ұлытып қоймақпысың» деген сөздер жиі естіле берді. 
Бірбеткей әкем мұндай сөзге шыдай алмады. Әйелінің төркіндерін шақырды да, бәрінің 
басы қосылған соң өкімді сөз айтты: 
— Ағат кетсем айып көрмеңіздер. Бірақ осыншама қартайған шағымда қаңқу сөз есітем 
деген жоқ едім. Өгей деп өңменінен итермес, өзім деп бауырына басар деп ем 
балаларымды. Адасқан екем. Кеш болса да, жөнімді табайын. Табалау табына күйгенше 
жалғыздықпен жағаласып өткенім жақсы. Қыздарыңызды ала кетсеңіздер екен. 
Салғыласып отыра алатын жайым жоқ, — деді. 
Сол-ақ екен, өгей шешеміздің апасы қызына ұрысып, қуырып жеп жібере жаздады. Әкем 
мұндай ашық әңгіменің арасында болғысы келмей, Әлиман екеумізді әжемнің үйіне алып 
кетті. 


143 
Әдеби KZ 
Бұл оқиға әжеме, әсіресе, қатты батып еді. Көзіне жас алып, қамыға берді. Шешемізді еске 
түсіріп:— Қайран ырымалды келінім-ай, Рәзияшым. Маңдайыма сыймай кеттің-ау. Оны 
алғанша, мені алмадың ба, тәңірім- ау, — деп отырып алды. 
— Қойыңызшы, aпa. Тағдырмен тәжікелесер шама бар ма бізде. Онан да 
немерелеріңіздің тілеуін тілесеңізші, — деген әкеме әжем бар ашуын төкті: 
— Немене, мені жаңа туды деп пе едің! Менің тілегім сендердің бірліктерің мен 
тірліктерің емес пе. 
— Қойдым, апа, қойдым, — деп әкем күле берді. 
Бұл кезде екінші үйдегі кісілер де өзара кеңесіп біткен еді. Екі үй бас қосып отырып, бір- 
бірінен кешірім сұрасты. Шешеміз «абайламай айтып қалыппын. Енді ондай 
қайталанбайды» деп уәде берді. Шешесі: 
— Қарағым, Момыш, қызымды алып отырған соң, сен де баламсың. Анам десең, бір 
жолға тілегімді қайтарма. Татулықтарың бұзылмасын. Енді ерні қыбырлап, бейпіл сөзге 
үйір болса, қызымның жон терісін сыпырсаң да ризамын, — деді. 
Сөйтіп бұл үйде керіс қайталанбайтын болып еді. Бәріміз соған қуандық. 
* * * 
Мен әпкемнің ауылына жиі баратынмын. Аюбай жездем де ат ізін суытпай келуші еді. 
Үйде екі-үш күн болып, біраз шаруаны тындырады. Жер жыртып, дән сеуіп беретін. Шөп 
жинап, қырман бастыратын. Өз туыстарына «балдызым жас, атам шал. Үлкен ұлындай 
болғандықтан, үй тірлігін бітіріп берейін де» дейтін. 
Келесі жылы әжем ауырды. Көп жатқан жоқ. Төсекке құлаған соң үш күннен кейін әкемді 
қасына шақыртты. Ентігіп жиі дем алып, денесі от боп жанып жатқандай еді. Ақ жастыққа 
селдіреп шашылған бозғылт шашы үлбіреп тұр. Әжімдері қатпарланып, әбден қартайған 


144 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет