Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет19/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   144
Әдеби KZ 
Жыл басы тышқаннан басталатыны содан, құлындарым. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр 
қалыпты» деген мақал осыдан шыққан ғой. Кейде «түйедей бойың болса да, тышқандай 
ақылың жоқ» деп неге ұрсады дейсің адамдар. Бұл бойыңа сенбе, ойыңа сен, мақтан 
сөзгеерме, мағыналы тірлікке ер дегені. Сондықтан түйеге ұқсап орынсыз түксие 
бермеңдер, шырақтарым. Ақылға жүгініңдер, — деп күліп еді әжем. 
Осы сәтте үйдің шаңырағынан бір қарлығаш ұшып кірді. Мұны сезген ұядағы шақалақ 
балапандар аузын ашып қорек тілей бастады. Бәріміз де төбеге қараппыз. Қарлығаш 
төбедегі ұясының шетіне жайғасты да, балапандарын кезектеп жемдей бастады. Алғашқы 
шақалақтың аузына жем тастап жіберген қарлығаш қайта ұшты. Қарлығаштың аспанға тік 
атылып, канат қақпай қайтадан төмен құйылғаны шаңырақтан айқын көрініп тұр. Көп 
ұзамай ол екінші балапанға жем әкелді. Осылайша қалқып ұшып, қайта кіріп қанаты талды 
ма, ақырғы балапанын жемдеген қарлығаш енді ұя аузында отырып тарана бастады. 
Шіркіннің сүйкімдісін-ай. — Фью-ю! —деп ысқырып жібердім де, әжемнің сабауын ала 
салып, қарлығашқа сілтеп үркіттім. 
— Е-е! Жаман бала болмасаң етті! Бұзақының тірлігі ғой мынауың, — деп әжем қолымнан 
ұстай алды. — Қарлығашқа неге тиесің? Бұл киелі құс екенін, адамның досы екенін 
білмеуші ме ең, сен бейбақ? Балапанын емін-еркін ұшырып, бақытын тапқанша, бұл құс 
менің үйімнің төріндегі ең қадірлі қонағым ғой... Қонағыма қол көтергенің — менің де 
сыйламағаның емес пе, шұнағым, — деп ұялтып тастады. 
Қыздар мені мұқатқанына мәз болып күліседі. Сонда әжем мені бауырына тартып, 
маңдайымнан иіскеп былай деп еді: 
— Қоя қой, құлыным. Кел, алдыма отыршы, мен саған қарлығаштың құйрығы неге айыр 
болғанын, масаның тілі неге жоқ екенін айтып берейін. 
Мен қуанып кеттім. Өйткені әжемнің әңгімесі ерекше баурап, жанымызды жайлап алатын: 
— Ұлы патша Сүлеймен деген өтіпті баяғыда, — деп бастайтын әжем әңгімесін. — Ақылы 
асқан, жер бетінде де, су астында да, аспан әлемінде де әділдігімен әйгілі екен. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет