Әдеби KZ
Ақсудан өткен соң, Сайрамнан асып, Ленгер арқылы Қазығұртқа жететінбіз. Ауыл мен
Қазығұрттың арасы атты кісіге үш күншілік жер.
Қазығұрт жайлы айтылатын аңызды тілі шыққан баладан бастап елдің бәрі білетін.
Сөзінде бұрынғының бар ма жалған
Басында Қазығұрттың кеме қалған.
Басында Қазығұрттың кеме қалған,
Болмаса ол әулие неге қалған.
Түбінде жетім бала бұғып жатып,
Жарықтық адам ата содан қалған, — деген өсиет өлеңді жас кезімізде әжемізден,
аталарымыздан, әкелерімізден талай естігенбіз.
Бұл аңыз адамның жанына жылы тиетін, көкейіңді сәулелендіретін аңыз еді. Еске сала
кеткен артық болмас деймін.
Ертеде жер бетін топан су қаптап, тіршіліктің бәрін толқын жұтыпты. Осы сұрапыл
ажалдан өмірді қорғап қалам деп Нұқ пайғамбар арпалысқан екен. Кеме жасап, жан-
жануардан тұқым алып, адамдарды отырғызып, топан суда жүзе беріпті. Су болса қырат-
қырды, жазық жапанды жұтып, биік шыңдарға өрмелепті. Нұқтың кемесі тоқтайтын
жер,паналайтын ықтасын таба алмай, толқын үстінде шарлай береді, шарлай береді.
Толқын болса, жалғыз кемені жапыраққа да теңемей лақтырып ойнайды.
Нұқ пайғамбар тірліктен үміт үзбейді. Дауыл басылар, топан қайтар, өмір жанданар деп
сенеді. Сол сенімді нысана етіп қалқи береді. Дауыл кездерінде кем еден жаңқаша
қағылып қалған көп жан-жануар суға кетеді. Сонда да кемеге таяныш табылмайды.
Осындай қысталаң кезде тау шыңдары таласқан екен.
200
Әдеби KZ
— Менің кеудем биік, менің асқарым айбынды. Топан су маған ғана жете алмайды, мені
ғана көме алмайды. Нұқтың кемесі іліксе, менің ғана шыңыма ілігеді, — десіпті биік
шыңдар.
Қазығұрт Алатаудың аласа жоны ғана ғой. Биік шыңдармен таласа алмай үнсіз мүлги
береді. Мұны көрген шыңдар мазақтап күлген екен:
— Немене, Нұқтың кемесін күте-күте шаршадың ба? Саған тоқтайтын шығар. Өйткені көп
ұзамай топан судың астында қаласың ғой, — десіпті.
— Тағдырдың жазғанын көрерміз. Одан артық не бар? — деп мұңайыпты Қазығұрт.
Осылайша Нұқтың кемесі бір дауылдан өтіп, екінші бір дауылға көміліп келе жатқанда,
ішіндегі жан-жануар суға кетіп таусылуға айналған екен. Кенет кеме түбі қатты нәрсеге
тиіп, сықыр ете қалғандай болады. Нұқ пайғамбар байқап қараса, кемесі бір таудың
басына іліккен екен. Содан топан су толастап қайта бастайды. Кеме ішінде жалғыз бала
бұғып жатқан екен.
Тіршілік қайта жанданып, осы жерден қайта өрбіпті десетін аңыз айтушылар.
Айша әпкем сол аты аңызға айналған Қазығұрттың баурайында тұратын. Біздің әулеттің
қыздарының ең алысқа кеткені де — осы әпкем. Сондықтан сағынысып көрісетінбіз.
Жантөре ерте үйленіп, әйелінен ерте қалған екен. Өзі он алтыға шыққанда, он бес жасар
әйелі толғақ үстінде өліпті де, артында Болат деген ұлы қалыпты. Менің атам Жантөренің
әкесімен алыс-берісі бар, сыйластығы жарасқан жандар екен. Жантөренің бұрынғы әйелі
де біздің рудың қызы болатын. Аққұл атамның немере әкесі еді. Атам бұрынғы
жегжаттығынан ажырасқысы келмей Айшаны ұзатыпты. Ол кезде әпкем он жетіде екен.
Осылайша қайтадан сүйек жаңғыртыпты.
Жантөрені әкесі ерте үйлендіріп, он төрт жасында-ақ күйеу бала атандырған көрінеді.
Жантөре мен Болат тетелес өскендей болыпты. Сұңғақ бойлы, шымыр денелі, ат жақты
қараторы кісіні Жантөренің баласы деу қиын еді. Інісі сияқты тізе түйістіріп жүретін. Ел іші
201
Достарыңызбен бөлісу: |