Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет121/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
—Шүкір, біздің Бауыржан азамат болып қапты, — деп қуанды көкем. 
Мен әбден сілем қатып шаршағанымды сезсем де, әкем мен көкемнің мақтауынан нәр 
алып қуаттана бердім. 
* * * 
Батыр мен балуанның өмірі кездейсоқ оқиғаға толы. Жазым болар, майып болар, нәубет 
болар жайлар қадамын басқан сайын кездесері хақ. Қатты созған ішектей қылтылдаған 
қауіп-қатерге де кездеседі. Бірақ олар үнемі ерлікті аңсайды. Биікке құмартады, жеңіске 
құлшынады. Бұл ретте халқымның мінезі бәйгенің сәйгүлігіне, даланың дауылпаз 
сұңқарына ұқсайды. Әр қазақтың ат десе, алғыр құс десе арқасы қозып тұратыны да 
осыдан болса керек. Астындағы аты үшін небір қияметке де көнуге бар. «Жалғыз атты 
кедей» деген атаққа да мойнын ұсынады. Ол ешқашан да атсыз қалып, «қу томар» 
атанғысы келмейді. «Жүйрік ат аяғынан қалады», «сұңқар қанатынан қалады» деген 
мақал текке айтылмаған. 
Ал егер жігіт осы екеуінен де мақрұм болса, онда ол ер атаулының санатынан қалады. 
Халқымыз осылай намысқа тырысып өскен. Өйткені «Атсыз ер — қанатсыз құспен тең», 
«жаяу қалсаң — жау қолына түскенің, сан қорлықтың запыранын ішкенің». 
Міне, сондықтан да әр қазақ астындағы атын өзімен тең санаған, оның желдей жүрісін 
жанына ем санаған. Өзін қалай күтсе, көлігін де солай мәпелей білген. Атқа ретсіз 
ауырлық артпаған, айылын жөнсіз тартпаған, ақ көбік етіп атойлап босқа шаппаған, 
алқымын судан, қарқынын дудан сақтаған. Болса егер жүйрік бойында шабыт шарлаған, 
қазақтар оның мойнына қамыт салмаған. «Төл атынды төреге де берме» деген сөз бар 
қазақта. Бұл атты ардақтаудың биік шыңы болса керек. Жүйріктің қасиетін, сәйгүліктің 
бағасын бұдан артық ешкім де ұға алмас. 
Тіптен бәйгеге қосар тұлпарға «етегі ауыр нәсіл» деп әйел атаулыны мінгізбейтін болған. 


198 
Әдеби KZ 
Киелі малдың құны осылай бағаланған.Жүйрік аттан айрылған жігіт жолдасын жауға 
бергендей қайғыратын болған. Әйтпесе «Құлагерді» ардақты Ақан әнге қосып зарламас 
еді, халқымыз әлі күнге сол әнді асқақтатып шырқамас еді. 
Ертегіге үңіліп, ән-күй тыңдасаңыз да, поэма мен эпостарға зер салсаңыз да, ат туралы 
айтылған жылы сөзді естімей қалған емессіз. Осы күнге дейін жақсы ат көрген жан «бір 
сұлудың құны бар жүйрік» екен деседі. Бұдан артық жүйрікке кім таңдана алады, кім әділ 
баға бере алады екен. 
Дәл сол сияқты Аққұлдың «Көкшолағы» оның өміріндегі ең соңғы сәйгүлігі еді, ал өзі 
жүйрік үшін ең соңғы серігі еді. Жүйрік те, иесі де бірін-бірі қия алмаған дос сияқты бір 
күнде көз жұмып, бұл тірлікпен бір күнде қоштасты. «Шіркін-ай, екеуі де әулие екен-ау» 
деп еңірегенде, елдің қабырғасы қайысқандай болған. 
Аққұлдың соңғы сөзі де, соңғы өсиеті де біреу еді. Ақырғы демі атына арналды: — Өле 
кетсем денемді «Қөкшолақтың» терісімен ораңдар, — деп көз жұмды ол. 
Аққұл атам өзінен соң «Көкшолағының» біреуге қалатынына қайғырып көп жатыпты. Ат 
пен адамның шыбын жаны егіздей, ақыры екеуі де бір күнде үзілді. Енді сол жайлы аздап 
әңгіме қозғасам деймін. 
Әжемнің тұңғышы Айша деген қыз еді. Ол менің әкемнен он жас үлкен болатын. Осы 
үлкен әпкемізді Қазығұрт етегіндегі Шегір руының Жантөре деген жігітіне ұзатқан екен. 
Жездемнің ауылына бару үшін алдымен Шақпақ асуынан асатынбыз. Орыстар бұл жерді 
«Кремень» деп атайтын. Өйткені бұл араның жылтырақ шақпақ тасы мол болушы еді. 
Қараңғыда екі тасты бір-біріне үйкесең, ұшқын шығатын. Содан қазақтар «Шақпақ», 
орыстар «Кремень» деп атап кетіпті. 
Шақпақтан өткен соң, Майлыкент, Түлкібас жазығын басып өтіп, Қарақшы белден асасың. 
Сонан соң Машат ойпаңымен жүріп отырып, Ақсу бойын жағалайсың. Ақсу десе — ақ су. 
Сонан тау шыңынан басталатын өзеннің бүкіл арнасы ақкөбіктеніп арқырап жатқаны. 


199 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет