Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет125/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Алдымен Момышжанның тиемелісін өз қолыммен жегізейін. Өзгесін кімге берсеңдер 
де жұмысым жоқ... 
— Момекеңнен балалары тартып жер деп қорқамысыз, — деп күлді Болат. 
Әкем мәз болып күлді де, әпкемнің қолынан базарлығын алды. 
— Бәрін осы шырағым үшін әкелгем жоқ па? — дейді кемпір шынымен-ақ. — Өз 
қолыммен жегізбей көңілім тынбайды. 
Осылай мәз-мейрам болып жатқанымызда, Аққұл атам келді. Меймандармен құшақтасып 
көріскен соң, ол Жантөренің қасына барып отырды. 
Амандық-есендіктен соң Аққұл аз қысылып отырды да, әпкеме қарап тіл қатты. 
— Айналайын, Айша aпa, мен бұл шаңырақтың алдында айыптымын. Бетім күйіп келе 
алмаушы едім. Өзіңіздің хабарыңызды естіген соң шыдай алмадым. Бет моншағымды 
белге түйіп, босағадан әрең аттадым. Сізге сәлем бергелі келдім, апа. Арамызда болған 
ыңғайсыз жайды естіген шығарсыз. Бәріне кінәлі — аппақ сақалыммен өзім болдым. 
Сөйтіп қас масқара болған жайым бар. 
Жантөре жер шұқылап үнсіз отыра берді. Болат ауыр күрсінді де дастарқанның шетін 
уқалай берді. Асқар баяғы қалпынан ауған жоқ. 
Келгенің жақсы болды, Аққұл. Ризамын, — дей берген әкемнің сөзін боліп жіберіп, әпкем 
ашумен айқайлап жіберді. 
— Қайда әлгі ұя бұзған ұятсыз, шірік, — деп жұдырығын түйе сөйледі. Көкем самауыр 
алып келе жатқан. Табалдырықтан аттай бере естігені қарғыс пен қара құйын ашуболды. 
—"Сен шірікті біздің ұядан ұшты деп кім айтады? Бойыңды шайтан жайлаған сүмелек. О! 
О! Өлер шағымда естиін деген сөзім бе бұл, көрейін деген сорым ба? Шыққыр көзім кімді 
көріп тұр? Онан да жер жұтып кетпеді ме сені. Бір жатырдан шығып ек, бүгін келіп бетіме 
қара күйе жаққаның ба, жүгермек? Өлім-ай. Өлім-ай! 


205 
Әдеби KZ 
— Айша! — деп зілдене сөйлеген Жантөрені әпкем елеген де жоқ. 
— Құдай-ау, мен енді Айша емеспін, адасып қалған бейбақпын, — деп көзіне жас алды. — 
Мына қарабет албастының әпкесімін ғой. Бетіме салық етіп жүрерсің. Осында қалдырып 
кет енді, — деп ол қатпар-қатпар әжімді қолын көкем жаққа сілтеді. — Тьфу, тьфу, кәпір. 
Бетің күйсін, жүзіқара. 
Көкем аң-таң боп тұрып қапты. Кемпір онан сайын ашуланып барады. 
— Құдай-ау, бүйткенше неге алмайсың мені? Кіндік кескен шаңырағымда отырып қас 
масқара болғаным ба, шынымен? — деп өзін-өзі жерлей сөйледі. — Не жазып ем, тәңірім- 
ау! Жоғал, жоғал көзіме көрінбей. Сен де бір шіріген жұмыртқасың, — деп көкемді сұқ 
қолымен түйрей нұсқады. 
— Момынтай, бара қойшы, шырағым, — деді әкем түкке түсінбей аңырып тұрған көкеме. 
— Әпкем мән-жайға түсінбей жатыр. Ашуына тие бермей-ақ далада жүре тұршы. 
Көкем мойны салбырап сүйретіліп шыға берді. 
Үлкен сыйлаудың ең биік үлгісін көрсеткендей еді көкем. Мен оны қатты аядым. Соңынан 
еріп тысқа мен де шықтым. 
Байғұс көкем аулада мең-зең болып, жүзі күңгірт тартып, ызадан жарылардай боп тұрды... 
Кішінің күні осы екен ғой. Әжем Момынқұлға киюші еді. Серкебай нағашым келген сайын 
қамшы үйіретін, тіптен әкем де бірде оны «ақымақ» деп ұрысқан. Ал бүгін мынау тәмпіш 
кемпір апшысын қуырып алдынан қуып шықты. Көкеме қалай да қол ұшын беріп, 
арқалаған ауыртпалығының, көтерген соққысының жарымын бөліскім де келеді. Бірақ 
көкемнің қасында, мен де кішімін ғой. Бірдеме деп зекіп тастаса қайтем. Көкем сонау 
алыс көкжиекке мұңая қадалып қимылсыз тұра берді. Әлден соң менің қасында 
тұрғанымды сезіп, жай ғана сөйледі. 
Бара ғой, Бауыржан. Ішке кір, әкеңе шай құюға көмектес... Ішке кірсем, бәрі де үнсіз 
шай ішіп отыр екен. Бір-біріне қарауға да қаймыққандай, кеседен бас алар емес. 


206 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет