Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет123/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
ол екеуін «тете шал» десетін. Ал айқындап ажыратқысы келсе, «әке-шал» «бала-шал» деп 
бөлетін. Жантөре мен Болат кәнігі көкпаршылар еді. Көкпар десе көздері жайнап шыға 
келетін. Аққұл атам сияқты өз аймағында атағы жер жарған шабандоз атанып жүреді 
екен. Тіптен нағыз додада екеуі әкелі-балалы екенін ұмытып кетіп, кәдімгі әріптес 
шабандоздарша сілкілесетін көрінеді. Ел мұнысына әрі қызығып, әрі қызғанып қарайды 
екен. 
Ол күні біз төрт көзіміз түгел үйде едік. Күн екіндіге таянып қалған. Айнала албырттанып, 
аспанда қызыл арай молая бастаған. 
Біз үй іргесінде отырғанбыз. Алыстағы қырқадан төрт аттылы көрінді. Бәрі де батар күннің 
алдында зорайып, қарауытып көрінеді. Баяу жүріспен қатарласа тізіліп келеді. 
Орталарында ақ жаулықты жалғыз әйел. Бәрі сол кісінің ыңғайына қарайтын сияқты.— 
Бұл кім болды, екен, ә? — деп әкем елең ете қалды. Қолын маңдайына апарып, тесіле 
қарады. Сонан соң көкеме бұрылып әмір бере бастады. — Шамасы — Айшалар, әпкемдер 
болу керек. Жүгір, Момынқұл, алдынан қарсы ал. Үйге киіз салсын де. Осыны айтып әкем 
тағы да жолаушылар жаққа көз тікті. — Иә, Айшалардың өзі екен. Әне, анау Жантөре ғой. 
Атқа отырысынан танып тұрмын. Ер үстінде еңкіштеу отырғаны Болат. Ал анау тыпыршып 
келе жатқаны Асқаржан ғой. Үлкен үйге түсіріңдер. Бол-бол тез. Келіп қалады енді. Кіші 
үйге әпкем түспейді. Тез қамданыңдар. 
Жолаушылар ат шаптырым жерге жақындап қалды. Әкемнің айтқаны рас екен. Келе 
жатқандар әпкемдер болып шықты. Айша жирен биені жорға бүлкілге салып келеді. 
Өзгелері қоршай қаумалап майда желістен ауар емес. Әпкем астындағы ат тұяғы туған 
жердің топырағын, баба жерін, ел мекенін басқанына масаттанып, кәрі кеудесін маңғаз 
көтеріп келе жатқандай еркін отыр. Сырт қараған кісіге әлдебір тәкаппар қатал әміршіге 
ұқсайды. Ал төңірегіндегі ер кісілер соның қошеметшілері сияқты. 
Әкемнің жүзінде күлкі ойнап, әрең шыдап тұрды да, әлден соң елбелектеп жүгіре 
жөнелді. 


202 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет