Әдеби KZ
Мен көкемнен көбірек қорқатынымды мойындадым.
—Ал мен ағаларымнан тырнақтай да қорықпайым,—деді Василий, — егер олар тие қойса,
әкем маған болысады.
Күн тас төбеге көтеріліп, айналаны қуырып барады. Тіптен шегірткенің өзі көлеңкеге
тығылып қалғандай...
Кузьма шал тынығуға мұрсат берді. Орақшылар аяғын әзер сүйретіп, терге малшынып,
көлеңкеге беттеп келе жатты.
Біз Гончаровтардың тамағына ортақтаспай үйге қайттық...
Гончаровтар содан шөп жинауға бір апта өткен соң оралды.
Қазақтар әдетте шөпті шөмелелеп үймей, маялап жимай, баулап болып, үй төбесіне
жинастыратын. Шөптің көлемін баумен өлшейтін. «Мына үймеде мың бау шөп бар», —
деп есептеуші еді. Маяға берілетін азықтың мөлшері де баумен өлшенетін. Көктем
шығып, көкке аузы тигенше малға қанша шөп кететінін де баумен есептейді.
...Шөп кеуіп, сарғая бастаған екен. Гончаровтар арба жегіп, пішенді арта кетуге келіпті.
— Ал, Момыш! Шөпті маялаймыз ба? — деп сұрады Кузьма.
Әкем келіскендей бас шұлғып еді, көкем қырын кетті.
— Мен өзімізше баулап жинаймын, ал сендер шөмеле сала беріңдер, — деді ол.
Тишко көкемнің сөзін әкесіне аударып еді, ол тулап ала жөнелді.
— Бұл не дегені. Тірлікке Момыш қожа ма, әлде Момынқұл ма? — деп әкеме қарады.
Әкем Тишко арқылы Кузьмаға көкемнің үй шаруасына ие екенін түсіндірді. Сондықтан
көкеме ерік беретінін айтты.
Бұл сөз Гончаровтарға ұнамаса керек. Біразға дейін өзді-өзі күңкілдесіп сөйлесіп алды.
196
Әдеби KZ
Бұл кеңеске бізден ешкім араласқан жоқ. Шал ұлдарына айғайлап, қолын оңды-солды
сермеп әлек боп тұр. Өзгелері көндіргісі келіп басу айтады.
Ақыры бәрі бір тоқтамға келгендей болды. Сонда барып Тишко аудара бастады.
— Әкем біздің бау баулап жүретін уақытымыз жоқ дейді. Оның үстіне бау әртүрлі
буылмай ма, — дейді. — Егер Момынқұл өз білгенін істей беретін болса, бізбен несіне
ортақтасып жүр. Әрине, біз оған шөмеле сал деп күптей алмаймыз. Бірақ біз де бау түйіп
бас қатырып жүрмейміз.
— Онда біз былай бөлісейік, — деді көкем өз ойын ортаға салмақ боп.
—Тишко, мынау не деп тұр,—деді Кузьма дегбірсізденіп. Ұлы түсіңдіріп еді анау тағы
тулады.— Қалай бөлмек? Десте де әртүрлі, шөптің шығымы да бөлек.
— Ол оңай, — деді көкем сонда. — Оң жақтан бастаймыз да, екі дестені біз алып, бір
дестені сендерге қалдырамыз. Үштен бір ортақ сонда тура шығады. Кімге қандай десте
түссе де, өз несібесінен көрсін.
Тишко бұл ұсынысты аударғанда, әкесі аз ойланып тұрып, қолын кесімді түрде бір-ақ
сілтеді.
— Мейлі осының-ақ айтқаны болсыншы. Бұдан кейін сенімен ортақтаспаймын енді.
Көкем бұған да келісті.
Барлығымыз шабындықтың оң қанатына шықтық. Кузьма шал екі дестені бізге қалдырып,
үшінші бір қалыңдауын өзіне меншіктенді. Бірақ төртінші рет үлеске түскен дестесі
мардымсыз боп шыққанда, Кузьма шал қайтадан қыңырайып шыға келді. Балаларына
тиісіп дауыс көтерді. Уәденің аты уәде ғой. Балалары әкесін ақыры көндірді. Осындай
бөлістен соң екі жақ өз тірліктеріне көшті. Гончаровтар қол тырмамен тырмалап, айырмен
шөмеле салды. Біз әкем екеуміз баулық түйіп, көкеме әзірлеп тұрдық. Көкем тең-тең
шөпті дөңгелетіп лезде баулап келеді.
Біз үш күн бойы шөп бауладық. Мен баулық жұлып, көкеме тасып қолғабыс тигіздім.
197
Достарыңызбен бөлісу: |