Әдеби KZ
— Иә, Аққұл, бәріміз де қасыңдамыз.
— Ри-за-мын, — деп Аққұлдың үні бәсеңдей берді. — Су берші!
Жантөре атамның ерніне мұздай суық бастау суын тосты. Атам мандытып жұта алған жоқ.
Тек көз жасындай мөлдіреген су атамның аппақ сақалын аралап, омырауына төгіле берді.
Атамның басы былқ-сылқ етіп, икемге келер емес. Күбірлеп әлденені айтқан болып еді,
түсіне алмадық. Жалғыз ғана Жантөре аңғарған екен, тез әмір берді. Бір жігіт жүгіріп келіп
Көкшолақтың ерін алды да, Жантөренің жанына қойды. Терлігін төсеп, ерін жастық етіп
атамды сонда жатқызды.
— Өз-өзіне келгенше орнынан қозғамайық. Ауылға жеткізе алмаспыз, — деді
Жантөре бәсең үнмен.
Бұл кезде күн еңкейіп, Шақпақ жонынан асып барады екен. Айнала өрттей қызарып,
біртүрлі айбарлы алау шашып тұр.Ымырт үйіріліп, айнала күреңіте бастаған шақта ес
жинаған Аққұлды ауылға жеткізбек боп бәріміз жабырласып едік. Екі атқа керіп тартқан
Көкшолақтың терісіне Аққұл атамды жатқызып лек-легімізбен баяу ғана ауылға беттедік.
Ешкім үн қатқан жоқ, көңілді күлкі де естілмейді. Тек ат тұяғының тысыры ғана жүрек
лүпілін жиілетіп бір түрлі қобалжып келеміз. Сол түні Аққұл өз шаңырағына түнеп шықты
да, таңға жуық жарық дүниемен қоштасып еді.
* * *
Қолы бос кездерінде әкем өз бетінше оқытып, маған хат таныта бастады. Арабша еркін
оқып, орысша соз басын құрай білетін болдым. Алайда бұл екі тілдің де мәніне жете
түсінбей, мағынасына жете мән бере бермейтінмін. Әйтеуір жеңіл-жеңіл есеп шығаруға
құмар-ақ едім.
Биыл Гончаровтар бізбен тағы да ортақтасты. Бұл жайлы жыл еді. Ел аман-есен, малдар
күйлі, егін жайлы, жұрт сыйлы еді.
217
Әдеби KZ
Бір күні Кузьма шал келді. Әкем екеуі жерді аралап шықты. Егінжайға келгенде ат үстінде
тұрып бірнеше масақ жұлып алды да, құс-құс алақанымен уқалап уатты. Сонан соң
сапырылыстырып қауызын ұшырды. Алақанындағы моншақтай бадана дәнге қарап тұрып
таңдана бас шайқады.
— Якши, Момыш, якши, — деді ол қазақша білетін жалғыз сөзінің өзін жарытып айта
алмай.
Әкем Кузьманың егін пісіпті, базар өткен соң, бүкіл үй-ішімізбен келіп, бидай орамыз
дегенін қимылынан түсінді. Уәде бойынша беретін қойыңды сонан соң ала кетеміз дегенін
де аңғартыпты.
Әкем де Кузьмаға жалғыз сөзбен жауап берді.
— Хараша, Козьма, хараша!
Айтқандай-ақ, апта өткен соң, Гончаровтар арба жегіп екі аттық лобогрейкасын сүйретіп
келіп те қалды.
Қыстаудың басынан қырман сайлап, әйелдер шөбін шапты. Сонан соң су құйып таптады.
Біз Василий екеуміз арамшөптерді аулаққа апарып тастап жүрміз. Гончаровтың ересек
ұлдары бұл кезде біреуі тырманы жөндеп, бірі тасты қашап, енді бірі лобогрейканың жүзін
қайрап жатыр еді. Шалдың өзі көкем екеуі қамыттарды тексерді. Әкем қол тұрманы
жөндеді. Осылайша кешке қарай бүкіл сауыт-сайманымызды әзірлеп үлгердік. Тишко мен
Василь қойларын алып кету үшін бізбен бірге ауылға еріп жүрді.
Біз келгенде, өрістен малдар да қайтқан екен. Әр үй малдарын бөліп алып, қораларына
қамап жатыр. Көгендегі қозы-лақ, арқандаулы бұзаулар енелеріне ұмтылып, азан-қазан
күйге енген шақта келіппіз.
Мен қой сауған әйелдерге көмектесіп, қозыны алыстым. Василь де менімен бірге зыр
жүгіріп жүр. Енелерінің желінін қақтап емген қозы, лақ, бұзаулар аздан соң емін-еркін
218
Достарыңызбен бөлісу: |