211
Әдеби KZ
қағып, мәпелеп жүр. Шабандоздар сайланып біткен. Осы жолы маған да жеке ат тиіп
жетісіп жүрмін. Құнан шығар қара жирен айғырды көкем ерттеп мінгізген болатын.
— Өзіңе абай бол. Додаға жақындап жүрме. Көкпарға әлі шамаң жоқ, —
деп әбден
пысықтап алды.
Мен қызыққа шеттен ортақтасып, сырттай көз тігемін.
Жантөре мен ұлдары әбден кәнігі болған шабандоздар екен. Бір үйме-жүйме доданың
ішінен әлгі сымбатты шал суырылып көкпар іліп шыға келді. Өзгелер іркес-тіркес соңынан
қуды. Жантөре ер үстінде еңкейе жатып, көкпарды ұршықша үйіріп барды.
Аққұл атам той иесі болғандықтан, бұл жолы тілеулестер тобында тұрған. Жантөренің әр
қимылына риза болып желпініп қалады.
— Әй, кәрі тарланым-ай! Тізгінді қалай меңгереді десеңші. Мұндайда аттың өзі
қыбырлаған қыбыңнан-ақ, ыңғайыңды ұға біледі, — деп төңірегіндегілерге түсіндіріп тұр.
— Атты қақпайламай, еркіне жібер.
Тек кимылыңмен, тақымыңмен сездіре біл. Сонда
атың өзінен-өзі үйлесіп отырады... О, сақалыңнан айналдым, Жантөре, — деді ол
кенетшабандоздың тәсіліне риза болып. Жездем соңындағы қуғыншылардан құтылу үшін,
оларды өзіне жақындатып алып ат басын ірке қойған екен. Екпіндеткен шабандоздар
жанынан зулап өте шықты. Сол кезде Жантөре атының басын кері бұрып алды да, мәреге
қарай тура тартты. —
Міне-міне, көрдіңдер ме? Ескінің көзі осындай болады. Біздің
кезіміздің шабандоздарына кім теңесе алады, тәйірі? Бүгінгінікі әшейін ермек қой.
Кенет шаршы топтан жирен айғыр суырылып шықты да, Жантөренің ізіне түсті. Байқасақ,
Асқар екен. Ол әкесін қуып жетті де, «әке, көкпарды маған ұзатыңыз», — деп дауыстады.
Жантөре шабысын ірікпей, серкені көтерген күйі баласына қарай атып жіберді.
Асқар да
әбден машықтанып алған ба, көкпарды допша қағып әкете берді. Қызықтаушы жұрт тағы
да таңдайын қағысты.