Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет129/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Жантөре жанамалай шауып, ұлына әлденені нықтап үйретіп бара жатты. Осылайша әкелі- 
балалы екеуі қатарласа отырып, дүйім шабандоздарды ентелетті де қойды. 
Қас қаққанша керемет оқиғаның куәгері болдық. Тізерлесіп шауып бара жатқан әкелі- 
балалы екі шабандоздың аттарына қанат біткендей қарғып барады екен. Сол күйі екеуі де 
арғы бетке бірдей түсті. Қуғыншылар тұмсығы тасқа тигендей аттарының басын тежеп, 
аңтарысып тоқтап жатыр. Сөйтсек, әлгілердің аттары тау толқыны қазып кеткен үлкен 
ордан қарғыған екен. 
Жұрт әрі таңырқап, әрі қорқып жағаларын ұстасты. Сөйтіп тұрғанда Жантөрелер арғы 
бетте тек ұлы екеуі ғана екенін аңғарған соқ, ордан бері қарай қайта қарғыды. Тағы да 
қосарласқан сәйгүлік аспанға қас қағымда оқша атылды да, қалқып келіп бергі жағаға 
түсті. 
— Мыналар ертегінің ерлеріндей ғой. Өзім туғалы мұндай батылдықты көргенім осы, — 
деді топ ішінен біреу. 
— Астарындағы ат емес, самұрық құс шығар, сірә, — деді екіншісі. 
— Жүрегім тас төбемнен шыға жаздағанын қарашы, — деді үшіншісі. 
— Иә, жақсы атқа нағыз шабандоздар осылай әмір етпек. Шын шабандоздың сырын аты 
әу дегеннен ұғады ғой, — деді Аққұл. 
Жұрт бір сәтке дамыл алғандай еді. Шабандоздар Жантөре мен Асқарға бәсекелесе алмай 
аңтарысып тұрған сияқты. Екінші айналымға Аққұлдың шыдамы жетпеді. Додаға белсене 
кірісіп, қақ жарып суырылып шыға келді. 
Жиналғандар енді Аққұл атамды мадақтай бастады. Осы кезде топ ортасынан Жантөре 
суырылып шықты да, Аққұл атамның ізіне түсті. Өзге шабандоздың бәрі қызыққа қарап 
Аққұл құйындатып жеткізер емес. Жантөре жете берсе, кілт бұрылып ұзап кетеді. 
Осындай бір сәтте Аққұл атам ұршықша үйіріле бергенде, Жантөре еппен келіп көкпарды 
жұлып әкетті. Қос кәрі тарлан көкпар өнерінің өрнегін көрсеткісі келді ме, енді бір-бірін 


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет