Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет18/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
шиқылдапты. Сонда да жылдан дәмелі неме емес пе, әркімге жалбарына қарап, жалына 
сұрақ берумен болған екен: «Мен қайтемін?! Мен қайтемін?!» — дей беріпті. Тіптен 
түйенің қасына келіп шыңғыра шиқылдап одан да әлгі сұрағына жауап іздейді. Маңғаз 
түйе мойнын да бұрмай, ақкөбік жынын тышқанға бүркіп жіберіпті де былай депті: 
«Масадай болған бишара, мазамды алмай көзіңді жоғалтшы. Сенің бойың шөптен де 
аласа, шөңгемен тең емессің бе? Кеудеңде жаның бар демесең, кесек құрлы мыжып 
кетуге жарамайтын сорлы, сен жылдан дәметпей-ақ жайыңа жүрсең қайтеді...» — деп 
көзін жұмып ыңыраныпты түйе. 
Тымық түн төңіректі әлдилеп, дүниені теп-тегіс маужыратқан кез орнапты. Сонан соң 
көгілдір аспанның көздеріндей болып жұлдыздар ойнақшыпты. Сар далада тек қана 
әлсін- әлсін алыстан шие бөрінің ұлыған үні естіліп тұрған екен. Онан өзге дыбыс та, онан 
өзге сыбыс та білінбепті... Айналаны торуылдаған аң біткеннің бәрі күншығысқа қадалған 
күйі көз ілмей күткен екен... 
Miнe, таң арайы таңдайланып алыс көкжиекті ақ сүтке шомылдыра бастапты. Түнімен 
тағатсыз күткен жан-жануар безек қағып берекесі кетеді. Біреуі мойнын созып, бірі секіріп, 
алғашқы сәулені алдымен көруге арпалысып жүр. Қу түлкі болса құйрығын бұлғақтатып әр 
тұстан жылт етіп бой көрсете береді... 
— Е-е, осыларды қойшы... Маған не асығыс бар, — деп есінепті түйе. 
Кенет оның төбе тұсынан шіңкілдеген үн естіліпті: 
— Мен көрдім, мен көрдім. Алтын сәулеге шомылған ақша бұлт көтеріліп келеді. 
Бұл — түйенің төбесіне шығып алып бәрінен бұрын жыл басын көрген тышқан еді. 
— Үнің қайдан шығып тұр, құмалақтай болған сен бәленің? — деп бұрылыпты түйе. 
— Мен сенің төбеңде тұрмын. Бәрі анық, бәрі әдемі көрінеді екен. Алғаш көрген өзіммін, 
жыл басы да өзіммін, — деп тышқан мәз болып шиқылдапты. Ашулы түйе басын сілкіп 
қалғанда, байғұс тышқан атқан кесектей ұшып «мен бірінші көрдім» деп айқайлаған күйі 
алысқа топ ете түскен екен. 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет