Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет17/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144
Әдеби KZ 
тұрып, есеп жүргізуге көмектес депті. Жұлдыздар күн райының хабаршысы болады деген 
екен. 
Осылайша адамзат ұзақ жыл өмір сүріпті. Күндердің күнінде жыл мезгілдері қайтадан 
ауысып кетіп, адамдар жаңылысып қалады. Бір жыл бір жылға ұқсас: көктемнен 
көктемнің, қыстан қыстың айырмасын аңғара алмай, адамдар аңтарылып отырыпты. 
Сондықтан да олар өткені ізсіз, болашақтан бейхабар қала берген екен. 
Жаратушы тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей күндіз-түні ойға батыпты. Ақыры жан- 
жануар аң біткенді жинаған екен. Осы жиында өз ойын білдіріпті. Енді есеп жүргізуді он 
екі ай бойынша енгізетінін айтады. Ол үшін он екі жылдың әр жылын жануарлар атымен 
атайтынын баяндайды. Сондықтан жан-жануар тегіс жазық далаға шығып, таң сәулесін 
күтсін. Шығыстан күн көтеріліп алғашқы алтын нұры жер бетіне төгілген сәт жыл 
басыболсын. Сол нұрды бұрын көргеніңнің атымен бірінші жылды атаймын. Екінші 
көргендері екінші жылға ие боласыңдар. Осылайша он екі жануар он екі жылға иеленеді 
деген екен. 
Аң біткеннің барлығы ашық алаңға жиналып, бозала таң атқанша бір-біріне мақтана 
бастайды. Біреулер көзінің қырағылығына, біреулер өзінің жүйріктігіне сеніп, күн 
сәулесіне бәрінен ерте жететініне шүбәсіз болады. Ал түйе болса маңғаз басып, ырғала 
ыңыранып, ернінен көбік шұбыртып, мойнын сан құбылтып, төңірегіндегінің біреуін де 
көзіне ілмей жатқан екен... «Таласып таусыла беріңдер, бейшаралар, босқа болдырғанша 
алаңсыз тыныға берейін. Мен сендер сияқты күн сәулесін күтіп шығысқа жүгірмеймін де, 
көз майын тауысып төңірекке үңілмеймін де. Құбажондай бойым бар, құлаш-құлаш 
мойын бар. Осы жатқан күйімде мойнымды бір созсам, бәрің жер бауырлап қаласыңдар. 
Күн шапағы шашырарда, мен мойнымды созып жіберіп, жыл басын өзім көрермін әлі. 
Тәңірден алғашқы жылдың атын өзім алып қайтам», — деп тікенек күйсеп жата береді. 
Бишара тышқан өзінің дәрменсіздігін мойындап жан ұшыра безек қағады. Мынау жатқан 
алып түйенің қасында ол өзін құмырсқадай сезінгенде, бар болмысы шиыршық ата 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет