Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет22/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Қарлығаш алдап тұр. Бұл жалған! — деп ысылдапты жылан. 
Айтқаның болсын, —деп қайталапты Сүлеймен патша. 
Патша жарлығы екеу болмайды. Бақа қаны бұйырды саған. 
Сонда айбарлы жылан қарлығашқа тап берген екен. Алайда қарлығаш қанат қағып 
үлгіріпті. Тек жылан оның құйрығын тіліп өтіпті. 
Міне, қарлығаштың құйрығы содан айыр болған деседі, ел аңызы, шырақтарым. Ал маса, 
сона, шыбын, араның аузынан адам қанының дәмі әлі кетпепті деседі аңыз. Сондықтан да 
адам сәл мызғып кетсе, әлгілер үйіріліп келіп шағып кетеді екен, — деп әжем ақжарқын 
кейпімен күлді де, мұрнымнан шертіп қойды. — Енді түсіндің бе, ботам? 
Содан бастап мен таңертең көз ашқаннан ел ұйқыға кеткенше қарлығаштың сайрауына 
сұқтанып, дос сезіммен қамқор боп жүретін болдым. 
Әжем айтқан аңыздың тағы бірі ойыма оралып отыр... Бірақ оны кейінірек баяндармын... 
Момынқұл көкем атам мен әжемнің ең кенже баласы екен. Ұзын бойлы, сұлу, сымбатты, 
дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрдіктеу, аққұба жігіт болатын. 
Әжеме өз ұлының осы дүрдек ерні мен кертпіш мұрны ұнамаушы еді. Жайшылықтың 
өзінде жаратпай қымсынып отырғаны. «Тәңірдің мұнысына амал бар ма. Бір биеден ала 
да, құла да туа береді деген осы да. Әйтпесе өзіме тартайын деп-ақ тұр екен ғой», — 
дейтін ол. Оның есесіне көкем әжемнің ең еркесі, ең сүйіктісі болатын. Кенженің аты 
кенже ғой. Әжем оның көптеген қыңыр-қышықтарын, бұрыс мінездерін кешіре беретін. 
Кейде сондай шалдуарлығына күйіп кетіп жазаламақ болғанда, көкем іргедегі үйге зып 
беріп кетіп қалушы еді. Қайтып келгенше, әжемнің ашуынан жұрнақ та қалмайтын. 
Әйтеуір көкеме келгенде әжемнің ұмытшақтығы да ұлғаяды. Қайта айналып соққанда 
көкемді еркелетіп отырғаны. Көкем әлденені бүлдіріп көпе-кернеу тайраңдап жүргенінің 
өзінде, әжем басын шайқап тіл қатып отыра беретін.— Ай, тентегім! Ай, тентегім! Кімге 


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет