Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет48/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
уәкілі дегендердің бәрі де — біздің ауылға ат ізін салғандар. Уәкілдер неге екені белгісіз, 
тез ауысушы еді. Ел мұны әр саққа жүгіртіп жүрді. Менің бала қиялым соның бәрін егжей-
тегжей байыптай бермейтін. 
Әкем бұл кезде алпысты алқымдап қалған еді. Сондықтан, ауылдағы қызу өмірге белсене 
араласа алған жоқ. Оның есесіне көкем үй бетін көрмейтін болды. Жиналыс атаулының 
бәріне қатысып, сайланбаған қызметі қалмады. Сондықтан елуліктің, жүздіктің 
арасынанделегат боп сайланды, ауыл советтің төрағасы да болды, «Қосшы» одағының 
бастығы да болды, бір рет болыстық «Қосшы» одағы бастығының орынбасарына 
сайланғаны да бар. 
Дегенмен, қанша талпынып, қанша құлшынғанымен, көкем «әйгілі адам» бола алмады. 
Сайлау сайын көтерілудің орнына, қызметінен зырғып түсіп жататын. Бұған кінәлі оның 
қабілетінің аздығы емес еді.Көкем ауылдағы жікшілдердің жемі боп қала беретін. 
Серкебай нағашым көкеме кездескен сайын қыжғырып, «өз орны үшін таласа алмаған 
ынжықсың, нағашы бабаң Текебай биге тартпай түп сүйегіңді қорлап жүрсің. Соның бәрі 
құраннан безіп, құлдық етуді ұмытқаныңның кесірі», — деп кейіп отыратын. 
— Ел жақсылары қара тізімге ілігіп жүргенде, алты ай қызметке ақымақ торғай да 
шыдайды, — деп келемеждеуші еді нағашым. — Міне, мен жарықтық әкем Текебай бидің 
аруағына таңба түсірмей әлі күнге дейін Серкебай би атанып жүргем жоқ па, — деп 
қамшысымен жер сабалайды. — Ал сен күшік болсаң мас кісідей әр қызметтен бір 
құлаумен келесің. Намыстанып өлетін болдық қой, түге. 
Көкем ақталмақ боп, жаңа тәртіп жайлы түсіндіре бастайды. Ондайда: 
— Тауыққа жұмыртқасы ақыл үйрететін болған ба, — деп кекететін Серкебай нағашым. — 
Есердің естіге жөн үйреткені ме, шынымен! 
— Нағашы-ау, сіздің шалқыған дәуіріңіз өтіп барады ғой. Ендігі өмір талабы өзгешелеу. 


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет