Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет54/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
жесіседі. Әрине, орталарында Жамақ та жүреді. Бір күні ол мас болып отырып өзін-өзі 
әшкерелеп алыпты. 
Кейін Жамақтың әке-шешесі дүние салған соң, балалары байға жақпай жалшы болып еді. 
Анаргүлдің сол балаларға көрсеткен бір қорлығы, әсіресе, әлі күнге дейін көз алдымнан 
кетпейді. Жарылқасын жалшы балалардың ішіндегі ең кішісі болатын. Қозы соңында 
тірсектері соғылып, кеудесін әрең сүйретіп жүруші еді. Жарытып тамақ ішпей, жайғасып 
ұйықтамай зар қағып жүрген бала қайсыбір оңушы еді. Әйтеуір соны көргенде аяныштан 
жүрегің сыздап кететін. 
Мойылдай қара көзі жайнап тұрады. Қасына келсең, иісі көк татып, еріндері жапырақ 
түстес жасылданып жүретін. 
Бірде ойын балалары Анаргүлдің сұмдық қатыгездігіне тап болдық. Ол өзге қозылардан 
қалып қойған бір қозыны көтеріп алып, Жарылқасынды қарғап-сілеп барады екен. 
Жарылқасынға жетісімен таяқпен сабай бастады. 
—Қу жетімек, көзіңе шел бітті ме? Осы қозымен ұшықтап жіберейін бе. Өлігі сұраусыз 
сүмелек? — деп бажылдайды. Байғұс бала құтылмақ боп тырманып жатыр. Бірақ 
Анаргүлжібермейді. Баланың тақыр басына таяқпен ұрған сайын ісіп шығады. Осылайша 
бас терісі түгелдей буылтықтанып, Жарылқасын шыр-шыр етіп жалбарынады. 
— Апатай! Айналайын, апажан! Аяңызшы! Өлдім-ау, — дейді үні әлсіреп. Бірақ 
құтырынып алған долы кемпір баланы тұлақша сүйретіп ескі құдыққа алып келді. 
— Сен жүгермекті құдық ішіндегі құрт-құмырсқаның жемі етейін, — дейді Анаргүл 
шабаланып. 
Жарылқасынның қорыққаны сонша, тіптен үні өшіп қалды. Кемпір қаршадай баланың 
сирағынан ұстады да, құдық аузынан төмен салбыратып тұр. Біз де шыр көбелек айналып 
дәрменсіз жүрміз. Жарылқасын қыр-қыр етіп тырманып жан дәрмен далбасамен 
құдықтың қабырғаларынан таяныш іздейді. Тырналай-тырналай алақаны мен тырнағынан 


84 
Әдеби KZ 
қан ағыпты. Кемпір сонда да рақымы түсер емес. Біресе көтеріп, біресе құдыққа қайта 
сүңгітіп баланы әлі сілкілеп тұр. Жарылқасын болса енді қармануға да шамасы келмей 
есінен тана бастады. Былқ-сылқ етіп, оқта-текте қорқыраған дауысы шығады. 
Біз шыдай алмай шұрқырап жылай беріппіз. Кемпір онымызды елеген де жоқ. Қимылсыз 
салбырап қалған баланы көтеріп алды да, жерге зірк еткізіп тастай салды. Өзі жемтікке 
төнген құзғындай торуылдап баланың қимылын бағып отыр. 
Әлден соң барып Жарылқасын есі кіргенде, кемпір оны дедектетіп ауылға қарай сүйрей 
жөнелді. Біз жасымызды тыя алмай соңдарынан қарадық та тұрдық. Ойынымыз жайына 
қалды. Көз алдымыздан Жарылқасынның боп-боз боп талып жатқан кейпі кетер емес. 
Кешке бұл көргенімізді әкеме айттым. Әкем түнерген күйі үнсіз киінді де, Нығметтің үйіне 
бет алды. Әкем барғанда, Жарылқасын үйдің іргесінде сандырақтап жатыр екен. 
Алақанына салып көтеріп әкелді. Аузына сүт тамызып еді, Жарылқасын құса берді. 
Әкемнің түсі түтеп кетіпті. Баланы төсекке жатқызды да, іргенің киізін түріп қойды. «Байғұс 
баланы мазаламаңдар», — деді де өзі тысқа шығып кетті. 
Жарылқасын қыбырсыз жатыр. Қинала дем алғаны сонша, кеудесі қыр-қыр етеді. Кейде 
әлденені айтып, қатты бақырып жібереді. Еріндері қансыз бозарып, еміс-еміс 
жыбырлайды. Біз демімізді ішке тартып, орын-орнымызда отырған күйі Жарылқасыннан 
көз алар емеспіз... 
Әкем даладан дәрі шөп теріп әкепті. Сол шөптерді қайнатып, суын тұндырып алды да, 
суыған соң баланың аузына қасықтап құйды. Әпкелерім Жарылқасынның маңдайына су 
шүберек таңып қойды. Оның қызуы көтерілгені сонша, шекесіне таңған орамал кебе 
берді. 
Түні бойы кірпік қақпай, әл үстіндегі Жарылқасынды күзетіп отырдық. Тек таң алдында 
ғана бала көзін ашып, төңірегіне қарады. Қайда жатқанын аңғара алмай баж ете түсті. 
Әкем маңдайынан сипап еркелете тіл қатты. Жұбатып отыр. 


85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет