Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет55/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Қорықпа, қарағым, қорықпа, — дейді өзі теріс айнала беріп кемпірге сырттай кіжіне 
ашуланды. — Алжыған қақпастың айуандығын қарашы. 
Әкем Жарылқасынды алдына отырғызып, дәрі шөптің, суынан ішкізді. Сонан соң 
жуындырып алды. Жарылқасын қайтадан безгек тигендей қалшылдап кеткен соң сүт 
беріп, төсекке қайта жатқызды. 
Бұл кезде күн шығып қалған еді. Жарылқасын тынышталып ұйықтап кетті. Бәріміз де 
қуанып, көз шырымын алуға қисая-қисая кетіппіз. Осылайша Жарылқасын бір жұма 
төсекте жатып айыға бастады. Алайда шошынғаны сонша, тіптен есі ауған жандай 
елермеленіп жүрді. Біз қолымыздан келген бар жақсылығымызды аямаушы едік.Анаргүл 
бүкіл ауылда әкемнен ғана именетін. Әкемнің молдалығы бар, құран біледі деп қорқады 
екен. Тіптен жас кезінде «оқыған бала» деп атын тергейтін болыпты. Содан ба, әйтеуір ол 
Жарылқасынды іздеп келмеді. 
Бір күндері Анаргүлдің баласы Сайлаубай келді. Әкемнің бетіне қарай алмай, міңгірлеп 
кешірім сұрады да, Жарылқасынды алып кетпек болды. Сонда әкем қатты ашуланып, 
былай деп еді: 
— Мұның әкесі сенен де бай, сенен де басалқалы еді. Сенің де Жарылқасынның әкесі 
сияқты жұтқа кездеспесіңді қайдан білдің. Жарылқасын сияқты сенің балаларың да 
панасыз қалмасын қайдан білдің. Сенің есуас шешеңнің таяғынан өліп кетсе, бүкіл Шегір 
ел болып келіп, ер құнын даулар еді. Сонда күнің бір уыс болмас па, Сайлаубай? — Әкем 
тағы да көптеген аталы сөз айтты да, сөз соңын Анаргүлге бұрды. — Ал сенің шешеңмен 
өзім көзбе-көз сөйлесемін. 
Бишара Жарылқасын үйден шығып бара жатып бізге жалтақтай берді. Сайлаубай оны 
дарға апара жатқандай амалсыз ілесті. 
Анаргүлмен әкем айтқандай-ақ жеке сөйлесті. Содан біршама уақыт кемпір тыныш жүрді 
де, қайтадан баяғы таз қалпына түсті. 


86 
Әдеби KZ 
Менің Үбиан әпкем сол Жарылқасынның ағасымен атастырылған екен. Өзінің болашақ 
өмірлік жолдасын ауылда алғаш көргеннен-ақ Үбиан жақтырмапты. Екеуі бір-бірінен 
қалау таппай алшақтай беріпті. Әкем ертеде берген уәдесін бұзбай, алысқан батадан 
аттағысы келмей, көпке дейін қызының қарсылығын құлағына да ілген жоқ. Осылай үш 
жыл жүрді. Алайда әжем немересінің күн сайын солғындап, уайымшыл болып бара 
жатқанын көріп, әкемді алғашқы шешімінен қайтарды. Бұл туралы Мамытқа ескертіп, 
әкем бұрынғы алған қалыңмалын қайтармақ болды. 
* * * 
Байтана руындағы ең сыйлы адамның бірі, атақты да қадірменді, ықпалы мол, әл-ауқаты 
мығым Нұрбай деген кісінің Зәпира атты сұлу қызының ауылымызға алғаш келгенін ұмыта 
алмаспын. Оның үй-ішінің бәрі таңдап тапқандай бір-біріне сақадай сай, бірінен- бірі 
өткен жақсы адамдар екен. Бес ұлының бәрі де сұңғақ бойлы, сымбатты да көрікті, аздап 
ақсиған алдыңғы күрек тістері өздеріне жарасымды әдемі жігіттер болатын. Жұрт іші мін 
тапқыш, сын айтқыш, ат қойғыш келеді ғой. Оларға да ол лезде «күрек тістер» деп ат 
қойып алды. 
Нұрбайдың жалғыз қызы Зәпира да ағалары сияқты сымбатты, сұңғақ бойлы, толықсыған 
қыз еді. Оның ауылымызға келін боп келіп, алғаш аттан түскені, басын тік ұстаған күйі 
маңғаз басып үйге кіргені әлі есімде. Ол Нығмет байдың.Анаргүл деген есуас әйелінен 
туған бесінші ұлы — реңсіз, мыртық, кекеш Дәулетке екінші әйел боп келді. Алғашқы 
әйелінің қайтыс болғанына да көп уақыт өткен жоқ еді. «Аузы қисық болса да, байдың 
ұлы сөйлесін» немесе «құрығы ұзын қуып жүріп алады, құрығы қысқа құры қол қалады» 
дегендей, айдын көлдің аққуын қалыңмал Дәулетке аяқ-қолын байлап берді... 
Осынау теңсіздік құрығында бұлқынған қайғылы неке күні: 
...Мал бергені барады алып кетіп, Қолымды кедейшілік кесіп отыр, — деп бір сабаз 
сүйгенінен айрылып, құсадан күйіп-жанып, қараша үйде қан құсқандай, өз тағдырына 


87 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет