Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет56/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
тағылық заңына лағынет айтып, Зәпирасын жоқтап күңіренген де болар.Зәпира келбетті 
келген жан еді. Талдырмаш сұңғақ бойына әркім-ақ сұқтана қарайтын. 
Оның атжақты жүзі, қыр мұрыны, үлбіреген беті шығыстың сұлуларын елестететін. 
Жайнаған мөлдір көзі, қарлығаштың қанатындай қияқ қасы, шоқтай қызыл қалыңдау ерні 
өзгеше бір сұлулықтың нышанын аңғартып тұрушы еді. 
Өзі де айналасындағы күйкі көріністі мойындағысы келмей, өзін қоршаған сұрықсыз 
тірлікті көзіне де ілмей, батыл да еркін жүретін. 
Жас келіннің мінезіндегі мұншалық еркіндік ел ішінде күңкіл де туғызды. «Әдепті 
білмейтін, тәрбие көрмеген» деген сөздер де айтыла бастады. «Әйтпесе қазақтың қай 
келіні босағаны аттай салып тайраңдап еді». «Жусаннан аласа, бетегеден биік» бон иіліп 
жүрмеуші ме еді. 
Зәпира осынау қалыптасқан қараңғы дағдыға бірден қарсы тұрды. Ол енесі Анаргүлге де, 
қайнағалары мен абысындарына да орынсыз бас иіп төмендемеді. Оның көзқарасынан, 
қимылы мен ісінен, үні мен мінезінен жәрбиген жаман күйеуіне деген, күйеуінің ағайын- 
туғанына деген өшпенділік оты ұшқындап тұратын. 
Енесі Анаргүл мен өзінің күйеуі ерке келінді көнбіс етіп алуға, иін жұмсартып, 
айтқандарына көндіруге талай-талай әрекет те жасады. Бірақ қайсар да жігерлі Зәпира 
ұшқын атқан бір көзқарасымен ғана олардың аузына құм құйып, үндерін өшіруші еді. 
«Жалғыз қатынға шамаң келмесе, бай болғаның құрысын» деп Дәулетті шешесі де, 
ағалары да тұқырта беруші еді. Осындайда жәрбеңдеп келіп, қоқыраңдай қыр көрсетіп 
тиісе беретін Дәулет кербез келіншектің жүзінен жасқанып күңкілдеп қала беретін. Соның 
бәріне де, өзінің тағдырына да Зәпира құлақ аспай, кекесін кейіппен жүре беретін. Қара 
жұмысқа қол тигізбей, қолы көсеу, шашы сыпыртқыға айналмай, қыз күнінің еркелігін 
жоғалтқысы келмеді. Қасақана ақсаусаққа айналғандай, еркіндік атаулыға ерік беріп еді. 


88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет