Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет58/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Нұрбай қайраты мол, айтқанынан қайтпайтын, айналасына ықпалды адам еді. Оны 
ырыққа көндіру де оңайға түспейтін жай болатын. Би кесімі бойынша мұндайда кейде 
келісіп, кейде керісіп, кейде қорқытып, кейде қол күшімен үкім айтылады. 
Келін дауы екі рудың арасында қыс бойы созылды. Бірақ бітер болмады. Байланған түйін 
шиелене берді, шиелене берді. Ұзақ дауға шыдамай, біздің жақтың жігіттері бірі ауылға 
оралып, оның орнына бірі қайтып бара жатты. Бүкіл ауылдың құлағы түріліп, осы даудың 
шешімін тағатсыз күтумен болды. Дүрліккен жұрт дүбірге елеңдеп, екі арада барып-келіп 
жүрген жігіттерден мән-жайды сұрастырып сыр тартады. Оралғандар келісім қай ауылда, 
кімнің үйінде жүріп жатқанын, кімдердің қалай сөйлеп, кімнің адуыны қаншалықты екенін 
әңгімелейді. Хабаршылардың айтуынша, менің әкем билердің айтысында асқан шешендік 
көрсетіп, өзін салауатты ұстай біліпті. Үсендіктердің үлкені ретінде бүтін бір рудың атынан 
сөйлеп, пәтуа сұрапты, тұрысар жерді нұсқапты. 
Алайда, қайсар Нұрбай дегенінен қайтпапты. Қызын қайтарудан бас тартып, сөз 
дарытпапты. Қызымды қайтара алмаймын, малға келіселік деп отырып алған көрінеді. 
Нұрбайдың мұнысына біздің жақтың даушылары көнбепті. Мал-мүлік емес, адам керек 
екенін айтып бұлар болмайды. 
Ол кезде қай қазақ шаруасын мандытқан дейсің. Көктем шықса, алақандай жерді жырту 
— екі-үш күннің тірлігі. Бұл да әдетке сіңіп кете қоймаған жай. Елдің бәрі жер жыртып егін 
салмайды. Сондықтан шаруашылыққа керекті азын-аулақ мардымсыз құрал- жабдықты 
да кезінде бүтіндеп алады. Бұл ретте қыс мезгілі еріккеннің ермек іздейтін шағы сияқты. 
Бүкіл аймақтың еркек кіндігі кеш болса қыдырып боза ішіп, таң атса, туысқан аралайтын 
әдеті еді. 
Осындай ұрынарға қара таппай жүргендер аз ғана қақтығыстың өзіне желігіп шыға 
келетіні де сондықтан. Сыбыс шыққан ауылға сойыл сүйретіп жетіп баруға әзір тұратыны 
да сондықтан. Ауыл арасын шандатып, атой салып өткенге мәз мұндайда. Құрысқан 
арқалары жазылардай құлшына кірісетіні де сондықтан. Оның үстіне әлекке түскен 
Нығмет әулеті Үсен әулетіне ат шаптырып, адам жіберіп отырғанда қарап қалсын ба? 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет