Диалог
– екі немесе бірнеше адамның кезектесіп
сөйлесуі арқылы пікір
алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогте сұрақ қою арқылы
сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады.
Драма
(грек.drama - қимыл-әрекет) – сахнаға арналған әдеби шығарма.
Оқиға кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін көрсетумен баяндалады.
Драмаға шиеленіскен оқиғаны тартысқа құрып, шарықтау шегіне жеткізу
тән. Кейіпкерлер
айтатын сөзі қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысымен
ерекшеленеді. Мұнда лирикалық және эпикалық тәсілдер қабысып,
ұштасып жатады. Бүл жанрды Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин,
Б.Майлиндер қалыптастырды.
Достарыңызбен бөлісу: