Әдебиет теориялары  Аллегория


Кейіпкер – көркем шығармадағы оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.  Кейіптеу



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата11.09.2023
өлшемі414,29 Kb.
#106886
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әдебиет теориясы жаңа бағдарлама

Кейіпкер
– көркем шығармадағы оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.

Кейіптеу
– әртүрлі табиғат құбылыстарын, жануарларды немесе жансыз 
нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. «Әдебиет 
танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы: «Жансыз нәрсені жанды 
нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау кейіптеу деп аталады», – дейді.

Мысалы, Абайдың «Қыс» атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз, түсі суық, 


қатал шал кейпінде бейнеленген. М.Жұмабаевтың «Жел» деген өлеңінде 
желді мазасыз, дамыл алмай жүгіріп жүрген тентек бала кейпінде 
кескіндейді.

Комедия
(грек.comodia, comoc - көңілді топ, оide – өлең ) - драмалық 
жанрдың бір түрі. Қоғам өміріндегі, адам бойындағы қайшылықтарды 
күлкімен, мысқылмен бейнелейтін сахналық шығарма. Комедияда адамның 
ерсі, оғаш мінезі, іс-әрекеті күлкілі жағдайда көрсетіледі. Комедияның 
басты міндеті күлкі арқылы сынап шенеу. Комедиялық шығармаларға 
сезімталдық, байқағыштық, тапқырлық, сын шылдық, әзіл-оспаққа 
икемділік қажет. Халық поэзиясына, сөз өнеріне тән келе междеу, 
әшкерелеу тәсілдері комедиялық шығармаларда жалғасын тапты. 
Б.Майлин 
«Талтаңбайдың тәртібі», М.Әуезов 
«Айман-Шолпан», 
Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» пьесаларымен комедия жанрын 
толықтырып, дамытты. Қалыптасқан бұл дәстүрді қазіргі таңда 
драматургтер жалғастыруда.

Композиция
(лат. құрастыру , қиыстыру) - көркем шығарманың құрылысы. 
Ол оқиғаның басталуы, байланысуы, шиеленісуі, шарықтау шегі мен 
шешімінен тұрады.

Көркем бейне
– адамның бой- тұлғасындағы, кескін-кейпіндегі, жүріс- 
тұрысындағы, қимыл-әрекетіндегі, ойлау-сөйлеу әдетіндегі өзгеше сипат 
белгілерді нақтылы суреттеу арқылы жазушының типтік қасиеттер, яғни 
қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық мәні бар 
ерекшеліктер айқын танылуы. Жасалу тәсілдеріне 
қарай образ юморлық
сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық
т.б. 
бейнелер деп бөлінеді.

Қайталау
- сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша 
аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар 
ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. 
Қайталаудың 
жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау (анафора ) 
және кезекті қайталау (эпифора)
сияқты түрлері бар.
Ақын оқырманның назар аударғысы келіп бір сөзді арнайы бірнеше жерде 
қайталауы 
жай қайталау
деп аталады. Айтылмақ ойдың түйдектеле, 
еселеніп келіп айтылуын 
еспе қайталау
дейміз. Өлеңдегі әрбір жолдың, 
тармақтың бір сөз немесе бір сөз тіркесінен басталып, қайталанып келуін 
анафора
дейміз. Өлеңнің соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше рет 
қайталанып келуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет