Қаһарман
– әдеби шығармадағы жағымды қасиеттерге ие немесе мінезінен
жағымды
қасиеттер басым байқалатын, авторлық идеалға сай келетін
әрекет етуші тұлға, көркем бейне.
Қаһармандық образ
– ұнамды кейіпкер:
адамға тән небір тамаша
сипаттардың шоғыры секілді сом тұлға,
өз дәуірінің ең аяулы, асыл
мұраттарынан туған тарихи тип.
Лирика
– көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі. Лирика ауыз әдебиеті
үлгілерінен бастау алады. Мұнда адамның көңіл күйі, сезім дүниесі
бейнеленеді. Лириканың басты ерекшелігі – сезім күйлерінің нәзіктігі,
сыршыл сезімнің басымдығы. Түріне
қарай
саяси-әлеуметтік лирика,
философиялық лирика, көңіл күй лирикасы, махаббат лирикасы, табиғат
лирикасы
деп бөлінеді.
Лирикалық жанр
. Мұндағы өмір шындығы адамның көңіл күй
сезімдерімен бейнеленеді. Лириканың басты сипаты - өмір құбылыстары
ақынның көңіл күйі, ой-сезімі тұрғысынан бейнеленуі.
Лирикалық
жанрдың элегия, эпиграмма, ода, толғаныс секілді түрлері бар. Лирикалық
шығармалар тақырыбына, құрылысына қарай бірнеше топқа жіктеледі.
Литота
(грек. Litotes – қарапайым, қораш) - әдебиеттегі белгілі бір нәрсені
шамадан тыс кішірейте, құлдырата суреттеу тәсілі. Батырлар жырларында,
өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Литотаның мақсаты – тосын әсер
туғызу. Мысалы: «
От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты» («Ер
Тарғын» жырынан).
Лейтмотив
– әдеби шығармада кейіпкердің немесе оқиғаның сипатын ашу
үшін үнемі қайталанып келіп отыратын
бейнелі ойдың атауы ретінде
қолданылады. Лейтмотив қайталана келіп, идеялық,
психологиялық
символдық терең мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: