Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет140/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Gentlemen
!» («
Мырзалар!
») деген
сөзді айтқан сайын оның мазмұнын жаңартып отырамын. Əр айтылу жаңа
дыбыстық əрекет пен жаңа психологиялық əрекетті ұғындырады. Бір сөзді
екі түрлі қолданудың арасындағы байланыс материалдық бірегейлікке де,
мағыналық сəйкестікке де байланысты емес. Ол ізделетін əрі тілдік
бірліктің шынайы табиғатын көрсететін элементтерге тəуелді.
Ə
. Синхронды 
шынайылық
деген не? Тілдің қандай нақты немесе
абстрактілі элементтеріне атау беруге болады?
Мысал ретінде сөз таптары арасындағы айырмашылықты алайық.
Сөздерді зат есім, сын есім т.б. деп қалай жіктейді? Бұл жер шарының
ендігі мен бойлығы сияқты, грамматикаға сырттан əсер ететін таза
логикалық, экстралингвистикалық қағидалар үшін жасала ма, əлде, бұл тіл
жүйесіндегі нəрселермен байланысып, соған негізделе ме? Бір сөзбен
айтқанда, бұл синхронды шынайылық бола ала ма? Екінші болжамның
ықтималдығы жоғарылау, бірақ біріншісін де қарастыруға кедергі жоқ.
Француз тіліндегі 
ces gants sont bon marché 
(
мына қолғаптар арзан
)
 
деген
сөйлемде 
bon marché
сөзі сын есім бе? Логикалық көзқарасқа сүйенсек, бұл
сын есім сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ грамматикалық көзқарас бойынша
bon marché
сын есім бола алмайды (ол өзгермейді, ол ешқашан зат есімнің
алдында келмейді т.с.с.), оның үстіне ол екі сөзден құралған. Сөз
таптарының арасындағы айырмашылық тілдегі сөздерді жіктеу үшін
қызмет етуі керек. Сөздердің тобын «бөліктердің» бірінде қалай сипаттауға
болады? Бірақ 
bon 
(
жақсы
)
 
сын есім, ал 
marché 
(
базар
)
 
зат есім деген нəрсе
бізге еш нəрсені айқындап бермейді. Содан кейін толық емес немесе
аяқталмаған жіктелумен жұмыс жасаймыз. Сөздердің зат есім, етістік, сын
есім т.б. болып бөлінуі талас тудырмайтын тілдік шынайылық екендігіне
дау жоқ.
10
Сəйкесінше, 
лингвистика 
тіл 
мамандары 
жасап 
шығарған
тұжырымдамалармен, ол тұжырымдар тіл жүйесінің элементтеріне сəйкес
келетінін білмей-ақ, үздіксіз жұмыс істейді. Біз мұны қалай анықтай
аламыз? Егер олар ойдан шығарылған болса, онда оған қарама-қарсы
шынайылық қандай болмақ?
Иллюзиядан арылу үшін біз əуелі тілдің нақты мазмұнына тікелей қол
жеткізуге болмайтынын түсінуіміз керек. Егер біз оларды түсінуге


тырыссақ, онда нақты мəліметтермен байланысқа түсеміз. Сол сəттен
бастап, біз лингвистикаға өзіндегі барлық деректерді пайдалану үшін
қажетті барлық жіктеу түрлерін белгілей аламыз. Екінші жағынан, жіктеуді
нақты мазмұндардан басқа бір нəрсеге, мысалы, сөз таптары логика
категорияларына сəйкес келгендіктен ғана тілдің құраушылары болады
деген 
түсінікке 
негіздеу, 
дыбыстық 
субстанцияның 
маңызды
элементтерінен бөлінген, лингвистикалық деректердің жоқ екенін ұмытып
кеткенімізді білдіреді.
Б
. Осы тарауда айтылған кез келген ой, негізінен, біздің 
мəндер
деп атаған
нəрсемізден өзгеше болады. Бұл шахмат тастарын қайта тізу сияқты жаңа
салыстыруды білдіреді. Мысалы, пілді алып қарайық. Ол жалғыз өзі
ойынның элементі бола ала ма? Əрине, бола алмайды. Өйткені оның
материалдық бейнесінің ойнап отырған кісіге, орналасқан шаршысы мен
ойындағы басқа ережелер үшін де еш маңызы жоқ. Ол белгілі бір мəнге ие
болып, соған байланған кезде ғана шынайы, нақты элементке айналады.
Мысалы, ойын барысында піл тасы жоғалып немесе жойылып кетті делік.
Оны соған ұқсас бөлшекпен алмастыруға бола ма? Əрине. Басқа піл тасы
ғана емес, пілге мүлдем ұқсамайтын өзге тастар да оған тура сондай мəн
берілген кезде, пілдің атынан ойынға қосыла алады. Біз тіл сияқты
элементтері 
бекітілген 
ережелерге 
сəйкес 
тепе-теңдікте 
болатын
семиологиялық жүйеде бірегейлік түсінігі 
мəн
мағынасымен араласып
кететінін жəне 
керісінше болатынын 
көреміз
.
Бір сөзбен айтқанда, мəн ұғымы бірлік түсінігін, нақты мазмұнды жəне
шынайылықты қамтып алады. Бірақ егер осындай көптүрлі түсініктер
арасында түбегейлі айырмашылық болмаса, онда бұл мəселені бірнеше
əдістердің жүйесі арқылы қалыптастыруға еш қиындық туғызбайды.
Өлшемді, шынайылықты, нақты мазмұнды не болмаса мəнді анықтауға
тырыссақ та, біз үнемі статикалық лингвистикада үстем болатын негізгі
мəселеге қайта ораламыз.
Тəжірибелік көзқарас бойынша бірліктерден бастап, олардың не екенін
анықтап, əртүрлілігін түсіндіріп, жіктеуден бастау қызықты болар еді. Тілді
сөздерге бөлудің себептерін іздеу керек, оны анықтаудың қиындықтарына
қарамастан, сөз – ақылды жаулап алатын, тілдік механизмнің өзегіне
айналар бірлік. Бірақ бұл алдын ала белгілі болады. Мұнан соң аралық
бірліктерді жіктеп, содан кейін ғана оған қарағанда үлкендеу бірліктерді
жіктейміз т.с.с. Сөйтіп, оған əсер ететін элементті тапқаннан кейін,
синхронды лингвистика барлық синхронды құбылыстарды олардың негізгі


қағидаларымен байланыстыра отырып, өзінің қызметіне толық кіріседі. Бұл
– алдымыздан шыққан негізгі мəселе, оның көлемі мен қиындықтары
түсінікті болды деп айта алмаймыз. Тіл мəселесінде адамдар қашанда
анықталмаған бірліктерді қанағат тұта береді.
Олардың маңыздылығына қарамастан, бірлік мəселесіне мəндерді зерттеу
арқылы жақындаған дұрыс. Өйткені, менің ойымша, мəннің маңыздылығы
бірінші орында тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет