Әдебиет теориясы. 1-том


Ұқсастық ( Resemblance )



Pdf көрінісі
бет66/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ұқсастық (
Resemblance
)


Фонтаньенің айтуынша, поэзия, негізінен, поэзиядағы фигураның
маңыздылығын ескеретін ұқсастықтардың құрылысы, сондай-ақ дыбыс пен
мағыналық қатынастар. Бұл бөлімде 
салғастыру 
(шектестік)
, ұқсастық
(метафизикалық өзара ұқсастық), 
тұспалдау 
(аллегория), эмуляция жəне
еліктеу
(мимесис) терминдерінің ұқсастығы қарастырылады. Бұл туралы
Мишель Фуконың «Сөздер мен заттар» (
The Order of Things
) еңбегінің
«Əлем прозасы» тарауында айтылған.
8
Фуконың тезисінен XVII ғасырдың
соңында қайта өрлеу дəуіріндегі 
ұқсастыққа 
негізделген əдістермен бірге
«танымдық дүмпудің» басталғанын көреміз. Мысалы, біреулер бəрін
иерархиялық қарым-қатынаста қарастыратын əлемге деген көзқарасын күрт
өзгертеді. Ал басқалары статистикалық мəліметтерді есептеп, эмпирикалық
өлшемдер мен мəліметтердің сандық көрсеткішін диаграмма арқылы
көрсетуге тырысты. Қайта өрлеу дəуірінде рухани жəне метафизикалық
мəні бар болмыстар арасындағы сапалы қатынасқа айрықша көңіл бөлінді.
Ақыл дəуірі (
Age of Reason
)
 
статистикалық жəне ғылыми (танымдық
немесе эмпирикалық) мəні бар болмыс арасындағы сандық қатынасқа
бірінші кезекте қызығушылық танытты. Фуконың шеше алмаған мəселесі
«өнер осындай секіріс жасай ала ма» деген сұрақтың төңірегінде көрініс
тапты. Поль де Манның «Тіршілік риторикасы» (
The Rhetoric of
Temporality
) деген ауқымды мақаласында да ол жөнінде тілге тиек
етілмеген.
9
Бұл ХХ ғасырдың Т.С. Элиот, Уоллес Стивенс, Сильвия Плат
пен Джон Эшбери сияқты көптеген ақындарды оқығанда да айқын
аңғарылады.
Салғастыру
(
Juxtaposition
)
Салғастыру дегеніміз – ақынның сөздерді, сөйлемдерді немесе сөз
тіркестерін бір-бірімен ұйқастыру кезінде тілдік ассоциация жасауы.
Шекспирдің 152-сонетінде тілдесу мен серттесуді салғастыру нəтижесінде
жалпы өлеңнің өзіндік сөздік қозғалысы болатын сөздік қалып (матрица)
пайда болады. Осы сөздерді салыстыра отырып, Шекспир кейіпкерлерді
өзара сөз таластыру, айтыстыру арқылы олардың мəнін ашады.
Викториандық поэзияның риторикалық нақышынан бас тартқан
модернист ақындар поэзияны біраз ықшамдап, көріністік сарын мен
бейнелерге көбірек көңіл бөлді. Эзра Паунд əйгілі «Метро бекетінде» (
In a
Station of the Metro
) шығармасында топтасқан адамдардың жүзін қап-қара,
дымқыл тартқан бұтақтардағы күлтелермен салыстырады. Бұтақтағы
күлтелерді сипаттау тек 
салғастыру 
ғана. Паунд «күлтелер адамның бет-


жүзінің метафорасы» деп айтпайды: «екеуінің арасында ешқандай шынайы
байланыс жоқ, тек ол байланысты біз өзіміз ойша жасап аламыз» (мəселен,
гүлдеп тұрған алма ағашындағы аппақ гүл күлтелерін ойша қап-қара түске
бояп, топталып тұрған адамдардың əлпетіне салғастыру).
Роберт Крилидің 1987 жылғы «Терезелер» (
Windows
) жинағындағы «БЕС
сегіз қосу» (
FIVE Eight Plus
) өлеңінде Паундтың шығармаларынан
байқалатын нақты салғастырулар байқалмайды. Бұл өлең тек қысқа ғана
салғастырулардан тұрады.
ТЕРЕЗЕ
Шағылысқан
үстелдің беті
əйнектің арғы жағында.
АЙНАЛА Зырылдауықтың қызғылт
пластигі шыр айналар
қанаты қайырылар.
ЭГО
Мен
ести аламын,
мен
көре аламын.
КҮНДІЗ
Бұл
жарығырақ
болса керек-ті...
10
(М.С.)
Əрине, біз мəтіндерді, егер олар қандай да бір баяндаудың арқауы болса,
бас əріп арқылы байланыстырар едік. Бірақ онда бұл өлеңнің əр жолы бір-
бірімен байланысты салғастырулар қатары сияқты сəтті шықпас еді.
Мысалы, ТЕРЕЗЕНІ КҮНДІЗГІ УАҚЫТПЕН (
daytime
) байланыстыруға
болады. Бұл жағдайда оқырман қай бөлімді қалай байланыстырғанда
түсінікті боларын өзі таңдайды. Бұл – 1945 жылдары композиторлар
музыканттарға кез келген ретпен орындауға болатын музыка жазған
алеотарлы (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет