екінші жолындағы «топ» жəне «қамалды» сөздерін де зат есім немесе
етістік сияқты қабылдауға болады, бірақ бұл кезде ол байқалмай да қалады.
Ал грамматикалық тұрғыдан қарасақ, сөйлем дұрыс құрылмаған. Үшінші
жол туралы да солай айтуға болады. Сонда бұл өлеңнің ешқандай
мағынасы жоқ па? Əлде оны түсінудің жолын көрмей тұрмыз ба? Бірақ
оның астарында не жатқанын қалай білеміз? Ол өлеңнің қай жолында
жасырынған?
Стив Маккаффри
өзі ақын бола тұра, «Мақсаттың терістігі»
(
North of
Intention
)
еңбегінде Леон Роудиез шығармашылығы жайлы:
«Мəтіндегі
сөздердің құрылуы (жəне олардың мəні), грамматикасы мен синтаксисі
əдеттегі оқу кезінде түсініксіз жүйе қалыптастыратын сөздер мен
фонемалардың шексіз мүмкіндіктерін ескерусіз қалдыра отырып, сөздердің
параграмматикасын көрсеткен, – деп атап өтеді. «Сөздердің осылайша
параграмматикалық ауысып түсуі мағыналық құрылымында дағдарысқа
ұшырайды да, параграмма өзіне қарсы біртұтас мəнге ие болады»
7
деп одан
əрі ойын толықтыра түседі Маккаффри. Параграмма немесе оның, кем
дегенде, бір көрінісінде қарапайым мағына құру тəжірибесін қолданбайтын
псевдолингвистикалық құрылым – параграмматика. Параграмма ауызша
сөзді яки оның бөліктерін, лингвистикалық тұрғыдан қиюластыруды қайта
жіліктеу арқылы
антисемантикалық
құрылымды білдіретін балама жүйе
ретінде
біріктіреді.
Маклоу
сөз
мағынасына
қарсы
стандартты
грамматикалық құрылым қызметін, яғни сөз қызметін ашық мағыналы
элемент ретінде, жолдар қызметін толық мағыналы ой ретінде қолданады.
Мұндай өлеңді ой салу я болмаса ишара арқылы сөздердің орын
ауыстыруының көмегімен біреу талдап береді деп күтіп отырудың да реті
жоқ. Бірақ мұндай жағдай тек Маклоу сияқты ақында ғана кездесе ме?
Эдмунд Спенсер мен Джон Донның шығармаларын да параграмматикалық
түрде оқи аламыз ба? Иə, оқи алады екенбіз. Бірақ ол үшін поэзияның
барлығын дəлелсіз оқиғаны эллипсистік (
elliptical
) бейнеге ауыстыру,
қарапайым тілді поэзия тіліне айналдыру деп қабылдайтын əдеби-тарихи
қадам жасау керек.
Оқуға ұсынылған əдебиет
Стив Маккаффри.
«North of Intention»
(2000)
Достарыңызбен бөлісу: