Әдебиет теориясы



бет2/5
Дата03.11.2023
өлшемі368,21 Kb.
#121553
түріПоэма
1   2   3   4   5

Метонимия

Метонимия (гр.қайтадан атау)-өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.

Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық. М.Мақатаев

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанда.

А.Құнанбаев

Абайды, Мұхтарды оқыдым.

Бүркіт – қандыкөз.

Синекдоха

  • Меңзеу – бүтіннің орнына бөлшекті немесе жалпының орнына жалқыны қолдану.
  • Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық. М.Мақатаев
  • Әй, сақал!
  • Сабаққа Әйгерімдер бірінші кірді.
  • Шаңыраққа қара!
  • Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды.

Ирония

  • Ирония(гр.келемеж, кекесін) – адамға, зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту түрі.
  • Қайтсінқолы тимепті,
  • Өлеңші, әнші есіл ер!
  • Ала жаздай ән салсаң,
  • Селкілде де, билей бер!
  • А.Құнанбаев “Шегіртке мен құмырсқа”
  • Біржан мен Сараның айтысы иронияның үлгісі ү

Сарказм

  • Сарказм – ащы мысқылмен, мазақ ете суреттеу.
  • Махамбеттің Жәңгірге айтқаны
  • Хан емессің, Қасқырсың, Қас албасты басқырсың, Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын!
  • Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы сарказм үлгісі.

Гипербола

  • Гипербола – суреттеліп отырған затты не құбылысты шамадан тыс өсіре, ұлғайта суреттеу.
  • Жоғары ерні көк тіреп,
  • Төменгі ерні жер тіреп.
  • Қобыланды батыр жыры.
  • Литота – затты кішірейте, құлдырата суреттеу.
  • От орындай тұяқтан
  • Оймақтай ақ қалыпты.
  • Гротеск – әдеби шығарма ішіндегі оқиғаны шамадан тыс асыра, әсірелеп айту.(әдеби шығарма)
  • Тырнақтары күректей. (өзіне ұқсас нәрсені көрсетеді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет