Әдебиет теориясы



бет3/5
Дата03.11.2023
өлшемі368,21 Kb.
#121553
түріПоэма
1   2   3   4   5

Табу Эвфемизм Перифраз

  • Табу- көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салғандықтан, бұрмалап аталған сөз.
  • Мысалы:қасқыр – ұлыма, жай түсті.
  • Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданатын сөз.
  • Перифраз – заттың, құбылыстың, тура атын атамай, суреттеп көрсету,тұспалдап айту дегенді білдіреді.
  • Мысалы: дәрігер демей, ақ халатты абзал жан.

Фигура

  • Фигура(айшықтау)- сөз тіркестерін дағдылы синтастиктік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.
  • Фигураның түрлері: 1.Арнау
  • 2.Қайталау
  • 3.Дамыту
  • 4.Инверсия
  • 5.Эллипсис
  • 6.Егіздеу
  • 7.Антитеза
  • синтаксистік қалып

Арнау-жазушының, ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі,олармен іштей кеңесуі


1
Жарлай
2
Сұрай
3
    • Зарлай

Жарлай арнау

  • Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.
  •  Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
  • Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
  • Жақсы менен жаманды айырмадың,
  • Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
  • (Абай Құнанбайұлы )

Сұрай арнау

  • Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. 
  • Абай Құнанбайұлы
  • Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауат[1] пен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
  • Риторикалық сұрау – жауап анық сезіліп тұрады.

Зарлай арнау - өлеңнің ең көне түрі, мазмұнында қайғы, мұң, шер сезіледі.

  • Әуелі бас қосқаным жағалбайлы, Жылқысын көптігінен баға алмайды. Өлгені Төлегеннің рас болса,
  • Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?
  • Алатауды айналсам,
  • Алғадайды табам ба?
  • Сарыарқаны шарласам,
  • Саңлағымды табам ба?
  • (Жамбыл Жабаев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет