ОРАЛХАН БӨКЕЕВ (1943–1993)
Туған жері: Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылы.
Қызметі: Жазушы, қайраткер.
1961
С.Торайғыров ат. Шыңғыстай орта мектебін бітірген. Сосын аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген.
1963-1969
ҚазМҰУ-да сырттай оқыған.
1965-1968
Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған.
«Жұлдыз» журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған.
Өмірінің соңғы күніне дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.
Шығармаларының кейіпкерлері: Нұржан («Қар қызы»)
Таған («Атау кере»)
Аға («Жылымық»)
Қиялхан («Жасын»)
Аман («Сайтан көпір»)
Ақпан («Мұзтау»)
Жеңісхан («Ұйқым келмейді»)
Ақан, Құмырай («Бәрі де майдан»)