«Шағым» өлеңінен үзінділер:
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
«Бақытсыз Жамал» романы
Кейіпкерлер:
Жамал – негізгі кейіпкер.
Сәрсенбай – Жамалдың әкесі.
Шолпан – Жамалдың шешесі.
Қалампыр – Сәрсенбайдың бәйбішесі.
Ғали – Жамалдың сүйген жігіті.
Дүйсебек – Ғалидің әкесі.
Жұман – Жамалдың күйеуі.
Байжан – Жұманның әкесі.
Жүніс, Нұрмаш – Ғалидің достары.
Фатихолла – қалаға барған Жамал мен Ғалиді үйіне паналатқан саудагер адам.
Романның сюжеті: Сәрсенбайдың балаға зар болуы, Шолпанға үйленуі, одан Жамалдың туылуы, Жамалдың молдадан оқып тәрбиеленуі, әдемі бойжетуі, Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуы, бұған Шолпанның қарсылығы, Ғали мен Шолпанның танысуы, Ғали мен Жамалдың танысуы, бір-біріне ғашық болуы, өзара тіл табысып, қашып кетуі, Байжанның келіні Жамалдың кетіп қалуына орай жасаған аярлығы, Жамалдың еріксіз Байжан босағасына келуі, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры, боранда адасып өлуімен аяқталатын оқиғалардың бір-бірімен байланысқан, желісі үзілмейтін тізбегінен құралған.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889–1931)
Туған жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жүсіпбек Аймауытов ауылы (бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Қызылтау болысының бірінші ауылы).
Қызметі: қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, прозашы, ақын, драматург, аудармашы, ғалым, журналист, педагог-ұстаз, жазушы, сыншы, әнші, сазгер.
Маңызды деректер:
«Ең алғаш менің өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене ғана кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қызды өлең ғып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде», - дейді Ж.Аймауытов өз естелігінде.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |