Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Ақын – поэзиялық туындыларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі. Аллегория



бет167/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Ақынпоэзиялық туындыларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі.
Аллегория (грек. пернелеп айту) – жан-жануарларға адам мінез-құлқының сипаттарын беру. Мысалы, Түлкі – қулық, арыстан – зорлық озбыр, қасқыр – қастық, қоян – қорқақ, сужүректік, есек – ақымақтық.
Аллитерация (лат. «дыбыстық») – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Мысалы,
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау
(«Ж» әріпі қайталанып тұр) (Абай)
Иран шахқа мұның шақпа, Низами,
Біздің жақта гүл құшақта, Низами.
(«Ш» әріпі қайталанып тұр)
Ассонанс (лат. үйлесім) – дауысты дыбыстардың үндеге қайталануы. Мысалы,
Еңсесі биік ақ орда,
Еңкейіп сәлем бер сана. (Ер Едіге)
Анафора (грек. биікке шығару) – өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың бір сөзбен басталып, қайталана беруі. Мысалы,
Кім көрді көктің жерге құлағанын
Кім көрді күннің жарық сұрағанын. (И.Байзақов)
Бунақ – өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны.
4 3 4
М: Қалың елім / қазағым / қайран жұртым
4 3 4
Ұстарасыз / аузыңа / түсті мұртың.
Гиперболаәсірелеу, ұлғайту, кез келген нәрсені асыра айту. Мысалы,
Жоғарғы ерні көк тіреп
Төменгі ерні жер тіреп.
Кейіптеу – әр түрлі жан-жануар немесе табиғат құбылыстарын жансыз нәрселерді жандының іс-әрекетіне, қимылына суреттейтін көркемдік тәсіл. Мысалы,
Ауырып домбыра да ыңыранды,
Санасыз саусақ қағып, қыдырады
Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып,
Жүректе сандыраған күй жынданды.
(І.Жансүгіров)
Абайдың «Қыс» мағыналы «Жел» т.б. өлеңдері жатады.
Литота (грек. қарапайым, қораш) – затты не құбылысты кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Мысалы,
От орнындай тұяқтан
Оймақтай-ақ қалыпты. (Ер Тарғын)
Метонимия (грек. ауыстыру, қайтадан атау) заттың не құбылыстың өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану немесе оның ерекше қасиетін көрсету. Мысалы,
Көк темірді киініп
Шықты батыр жеңіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет