ШАЛ АҚЫН (Тілеуке Құлекеұлы) (1748–1819)
Туған жері:қазiргi Ақмола облысы, Азат темiр жол стансасының маңы.
Қызметі: халық ақыны, Абылай ханның замандасы әрі оның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, Орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы.
1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы – атақты Төле бидiң қызы.
Тұңғыш өлеңi – «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Өлеңнiң шығу тарихы: Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда, баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» – деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.
«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенiң?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,
Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.
Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күшi?» -дейдi.
Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң ақындық атын шығарған екен.
Ол қатысқан айтыстар:
«Шал ақынның қызбен айтысы»
«Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы»
«Шал ақын мен жігіттің айтысы» т.б.
XIX ҒАСЫРДЫҢ 1-ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ (1802–1871)9 Туған жері: қазіргі Семей облысы, Аягөз ауданы.
Қызметі: жыршы, заманы туралы терең толғаған ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын. «Зар заман» ақындары аталған ағымның алып тұлғасы. Қазақ халқының қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған шайыр.
Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оны Абай ақынның ұстазы деуге болады.
Шыққан тегі – Найманның Қаракерей табы.
Ақын жырлары XIX ғ. 30–40 жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты туған.
Дулаттың өзіне тән ерекшеліктері:
1) поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып, оны ел басшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі;
2) патша өкіметінің отаршылық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтеру;
3) ол сыпыра жамандап, түңілудің ақыны емес, әрі көзсіз дақпыртпен мадақтауға да жоқ;
4) ол бұқара халықтың мұңын мұңдап, жыртысын жыртты.
Дулат өлеңдерін алғаш жеткізген – Байділда (1839–1919).
1880 ж. өлеңдері «Өсиетнама» деген атпен алғаш Қазанда басылып шыққан (баспаға даярлаған Мүлкен Сейілұлы). Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
«Еспенбет» атты поэмасы бар.
1939 ж. құрастырылған хрестоматияда (С.Мұқанов, Қ.Бекхожин) ақын аты алғаш рет кездеседі.
Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар: Х.Сүйінішәлиев, Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Мағауиндер болды.
Дулат өлендері еркін ұйқасты 7-8 буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар.
Өлеңдері:
«О, Ақтан жас, Ақтан жас»
«Аягөз, қайда барасың?»
«Тегімді менен сұрасаң»
«Кеңесбайға»
«Сүлейменге»
«Атаны бала алдады»
«Ақжайлау мен Сандуғаш»
О, Сарыарқа!...»
«Ақтан жас»
«Ешенге»
«Саршымшық»
«Айтпасымды айтқызды»
«О, Барақ жас, Барақ жас»
«Еспенбет» дастаны