Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет6/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
ЕРТЕГІ
Ертегі қара сөзбен айтылатын (кейде өлең түрінде кездеседі) көбіне өмірде сирек кездесетін немесе мүлдем кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғаларды баяндайды. Ертегілер үшке бөлінеді:
1) Қиял-ғажайып ертегілер – табиғаттың сырын түсінсем, жеті қат жер асты құпиясын білсем деген халық арманынан туған ең көне ертегі түрі. Олар: «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «Еділ – Жайық», «Үшар ханның үш баласы» т.б;
2) Хайуанаттар жайлы ертегілер: «Арыстан, қасқыр, түлкі және түйе», «Маймыл мен түлкі», «Түлкі, аю, қойшы», «Сиқырлы тас», «Түлкі мен бөдене», «Тышқан мен жылан»;
3) Тұрмыс-салт немесе шыншыл ертегілер: «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Құйыршық», «Аяз би», «Шудалы торғай», «Қарттың ұлына айтқан өсиеті», «Тазша бала» т.б.


«Сырттандар» ертегісі
Кербесті – баланың жолға шыққанда мінген аты.


«Ер Төстік»
Кейіпкерлер:
Ерназар – Ер Төстіктің әкесі.
Ер Төстік – негізгі кейіпкер.
Кенжекей – Ер Төстіктің жары.
Перінің қызы Бекторы – Ер Төстікке ғашық болған қыз.
Жер астындағы ордасы – жылан Бапы хан.
Жылан Бапы ханның Темір хан деген араз ханы.
Темір ханның қызын алмақ болған – Кеще хан.
Шойынқұлақ кемпірдің баласы.
Шойынқұлақтың жары-Күңке.
Жер астындағы өнерпазда: Баукеспе ұры, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Таукөшірер, Көлтауысар, Көреген.
Ер Төстіктің мінген тұлпары – Шалқұйрық.
Түйесінің аты – Құба інген.
Төбенің басы – Сорқұдық.
Мазмұны: Ерназар деген байдың 8 ұлы болыпты. Ерназар мен бәйбішесі жейтін тамақтары болмай қатты ашығады. Содан соң кер биенің төстігін жеп, кемпірі жүкті болып, бір ұл туады. Ұлдың атын Ер Төстік қояды. Төстік өзгеше бала болып, бір айда бір жасқа, екі айда ек жастағыдай... бір жылда он бестегі жас өспірімдей бала болады. Төстік 8 ағасын іздеп жолға шығады. Сегізі аман-есен келіп, Ерназар тоғыз ұлын үйлендіреді. Сорқұдықтың басында кездескен Ерназар жалмауыз кемпірге Ер Төстікті беруге келіседі. Сол жерге Ерназар егеуін тастап кетеді. Ер Төстік сол егеуін іздемек болып Сорқұдықтың басына барады. Ер Төстік жалмауыз кемпірден қашып жер астына кіреді. Жер астының ордасы жылан Бапы ханмен достасып, Темір ханның қызын алып беруге аттанады. Осы жолда жердің өнерпаздарымен жолығып, Темір хан мен Кеще ханды жеңіп, жер бетіне шығады. Жер бетіне шыққаннан кейін, кемпірдің баласы Шойынқұлақты жеңіп еліне оралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет