Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


) Үйлену салтына байланысты жырлар



бет3/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

2) Үйлену салтына байланысты жырлар
а) Тойбастар – қыз ұзату тойында айтылатын өлеңнің түрі. Мақсаты – ұзатылған қызына той жасап отырған үйге «құтты болсын» айту, жақсы тілек айту. Мысалы,
Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,
Той қылды жұрт жинаған мерекелі.
Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,
Тойыңыз тойға ұлассын берекелі.


ә) Жар-жар – топпен айтылатын, ұзатылып бара жатқан қыздың қайын жұрты жағынан жігіттер, қыз жағынан қыздар шығып, алма-кезек айтылатын жыр.
Мысалы, жігіт жағы:
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар-жар-ау
Жақсы болса қайын атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау, –
десе, қыз жағы:
Қайын атасы бар дейді,
Осы қазақ, жар-жар-ау.
Айналайын әкемдей
Қайдан болсын, жар-жар-ау, –
деп жауап береді.


б) Сыңсу – ұзатылып бара жатқан қыздың әке-шеше, ағайын-туыс, ел-жұртпен қоштасып айтатын жыры. Мысалы,
Ата-ана еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім?
Жат жұрттық боп кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім.


в) Беташар – жаңа түскен жас келінді және оның қайын жұртын бір-біріне таныстырып айтылатын жыр. Мақсаты – қайын жұртын келінге таныстыру және ауыл-елдің тұрмыс тіршілігін, іс-әрекетін қонақтарға таныстыру. Мысалы,
Келін, келін, келіп тұр,
Келіп үйге еніп тұр.
Қайын жұрты халқына
Иіліп сәлем беріп тұр.


3) Көңіл-күйді білдіретін жырлар
а) Қоштасу – елдің бастан кешкен қайғы, күйзелткен уайым-шері және адам өмірінің өтпелі шағына, өтіп бара жатқан заманға қоштасу мен қимастық сезімі айтылатын жыр. Мысалы,
Балталы, Бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл аман бол.
Теруші ем еріккенде ермек етіп
Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол.


ә) Естірту – әлдекімнің туған-туысы қайтыс болғанда, көңіл айтып естіртетін жыр. «Естіртуде» образдық пернелеу, тұспалдау басым болып келеді. Мұнда поэтикалық образ ретінде табиғат құбылыстары, жануарлар, тарихи тұспалдар алынады. Қайғылы хабар содан кейін естіртіледі. Өлеңнің соңы «көңіл айтуға» ұласады.
Естірту – өлең, күй және қарасөз түрінде кездеседі. Мысалы, Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін Жәнібек ханның естіртуі, Тазша баланың ханға баласының өлгенін «Ақсақ құлан» күйімен жеткізуі, «Ер Сайын» жырындағы қырық жігіттің Аюбикешке күйеуі Сайынның қазасын хикаямен естіртуі т.б.


б) Жоқтау – қайтыс болған адамға айтылатын жыр немесе ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадір-құрметін білдіретін өлең түрі. Онда өлген адамның мінез-құлқы, ерліктері, мырзалық іс-әрекеттері және елге, ағайын-туысына, халқына жасаған жақсылықтары жырланады. Мысалы, Қанжығалы Бөгенбай батыр өлгенде, Үмбетей жырау айтқаны:
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгенбай.
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгенбай...

Жоқтауды М. Әуезов үшке бөледі:


1) Елді, жерді жоқтау;
2) Өлген ұлын ананың жоқтауы;
3) Күйеуінен жесір қалған жарының жоқтауы.


в) Көңіл айту – қайтыс болған адамның жақындарына алыс-жақын ағайын-туыстың, тілектес кісілердің «арты қайырлы болсын!», «жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын!», «иманы берік болсын!» секілді көңіл жұбатарлық сөздер айтуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет